
Алматы. 23 қараша. 7kun.kz — The Financial Times 20 қараша күні 130 жылдық тарихында тұңғыш рет электронды нұсқасына жазылушылар саны 900 мыңға жеткенін хабарлады.
Бүгінгі күні FT электронды жазылудың стандартты құны аптасына 6,45 доллар, жылына 330 доллардан асады. Бұл арқылы пайдаланушылар сайтқа, ұялы және планшет бағдарламаларына, сондай-ақ отбасымен, достарымен және әріптестерімен айына 10 мақаламен бөлісуге мүмкіндік алады.
Газет, сондай-ақ, 4 аптаға 1 доллар арқылы жазылуды ұсынады. Аптасына 10,25 доллар (жылына 530 доллар) үшін сандық-премиумді жазылым ұсынады. Сондай-ақ, VIP нұсқасы бар: ең қымбат жазылым газеттің қағаз нұсқасын және жоғары сапалы сандық-премиумді (аптасына 19,46 еуро, жылына 1000 еуро) қамтиды.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025