Алматы. 30 қараша. 7kun.kz — Импорттың көлемі жыл ішінде 41,4 пайызға өсіп, 548,3 млн долларға жетті. Ал 2016 жылы Қазақстан Республикасына телефон импортының құны 387,9 млн доллар болған, деп мәлімдеді finform.kz.
Қазақстанға телефон импортының физикалық көлемі төмендегенімен, экспорт құны артып келеді. Атап айтқанда, 2017 жылдың 9 айында Қазақстанға 2,8 мың тонна телефон жеткізілді. Бұл 2016 жылға қарағанда осындай тауарлар импортының көлемінен 1,9 пайызға аз көрсеткіш.
Телефон нарығындағы сұраныстың төмендеуінің себебі - құнның күрт өсуі. Осылайша, 2017 жылы мұндай өнімдердің импорты 194,7 мың долларға немесе 2016 жылмен салыстырғанда 44 пайызға жоғары болды.
Қазақстанға телефон импорттаушы мемлекеттер арасында үздіктері: Қытай, Вьетнам және Ресей. Қытайдан Қазақстанға 295,5 млн долларға тауар әкелінді. Сондай-ақ, Вьетнам телефон импортының көлемі 2017 жылдың 9 айында 146 млн долларды құрады. Ресей импорты 34,7 млн доллар болды. Десе де, физикалық тұрғыда қытай телефондары импортының көлемі бір жыл ішінде 11 пайызға төмендеген, ал, вьетнамдық және ресейлік, керісінше (48 пайыз-25 пайыз) артқан.