Джек Ма (немесе Ма Юнь) 1964 жылы 10 қыркүйекте Қытайдың Ханчжоу аймағында музыканттар отбасында дүниеге келген. «Alibaba Group» компаниясының негізін қалаушы қытай кәсіпкері. Суреті Форбс журналының мұқабасына шыққан Қытай құрлығының алғашқы өкілі.
Отбасы: 1980 жылдың аяғында өзімен бірге оқыған Чжан Инге үйленеді. Қазір олардың бір ұлы, бір қызы бар.
Мансабы:
Ма колледжге түсу үшін тапсырылатын емтиханнан екі рет құлайды. 1988 жылы Педагогикалық Ханчжоу институтында ағылшын тілінің мамандығын бітіріп шығады. Кейіннен өзі оқыған оқу ордасына 12 – 15 доллар айлыққа жұмысқа орналасады. 1990 жылдардың басында Джек Маның күнкөрісі қиындап, кез келген жұмысқа орналаспақ болады, алайда оны «Kentucky Fried Chicken» асханалар желісіне де алмайды.
1995 жылы Ма сауда-саттық делегациясымен аудармашы қызметінде Сиэтлге аттанады. Сол сапарында Джекке бір досы ғаламтордың қалай жұмыс жасайтынын көрсетеді. Алайда «Yahoo!» іздеу жүйесінде Қытай туралы ешқандай мәлімет жоқ екеніне көз жеткізеді. Бұған дейін компьютермен таныс болмаған Джек өзінің ғаламтор-компаниясын ашуға бекініп, әйелі мен досының көмегімен 2 мың доллар көлемінде бастапқы капитал жинайды. Веб-сайттарды жасаумен айналысатын компанияны Ма «Қытайдың сары парақшалары» деп атайды.
1998 бен 1999 жылдар аралығында Джек Ма Қытай ішкі сауда мен экономикалық серіктестік министрлігінің басшылығындағы халықаралық электронды сауда-саттық орталығының басшысы болады. 1999 жылы Ма бұл жұмысын тастап, 17 досымен кіші және орта кәсіпорындарды сатумен айналысатын алаң болады деп жоспарлаған «Alibaba Group» компаниясының негізін қалайды. Компанияның негізін қалау үшін 60 мың доллар жұмсалды. Компания атауы кез келген тілде оңай айтылып, жеңіл жатталатындықтан «Alibaba» деп таңдалады.
1999 жылдың қазаны мен 2000 жылдың қаңтар аралығында «Alibaba» жалпы соммасы 25 млн долларды құрайтын венчурлік капиталды (енді ғана құрылған, нарыққа жаңа өнімдермен, идеялармен шыққан фирмаларға берілетін қаржы) жеңіп алғанмен, компания әлі де шығынға әкеліп отырады.Тек Қытай экпорттаушыларына АҚШ-тан тұтынушы іздеуге мүмкіндік беретін жүйе жасаған соң ғана компания табыс әккеле бастады. 2002 жылы алғашқы пайда 1 доллар ғана болғанымен, ары қарай табыс қарқынды түрде ұлғая бастады.
2003 жылдан бастап Ма «Таобао» («eBay»-дың қытайлық баламасы) мен «Али Мама» компаниялараның негізін қалады. «Таобаоның» үлкен табысының ұлғайып, акциялары қымбаттай бастаған соң eBay сатып алу жөнінде ұсыныс жасайды, алайда компанияны басқарғысы келген Ма сатудан бас тартады. Оның орнына «Алибаба» «Yahoo»-дың негізін қалаушы Джерри Янгтың 1 миллиард доллар инвестициясына ие болады. Осылайша, 2012 жылдың қарашасында компанияның табысы 1 триллион юаньнен асты.
2013 жылы Ма компания президенті лауазымын босатып, директорлар кеңесінің басшысы қызметіне жайғасады.
2014 жылдың қыркүйегінде «Alibaba» Нью-Йорктің қор биржасына акцияларын орналастырады. Компанияның ресми баспасөз хабарламасында 1 млрд доллар тарту туралы жоспарлағаны жазылған болатын, бірақ инвестиция көлемі олардың күткенін соммадан әлдеқайда асып түсті: «Alibaba» 25 миллиард доллар инвестиция тартып, тарихқа ең сәтті IPO ретінде енді.
Жетістіктері:
- «Жылдың үздік бизнес-көшбасшысы» аталымындағы ондыққа кірген. (Қытайдың Орталық телевизиясы, 2004 жыл);
- «Азияның ең қуатты 25 кәсіпкері» тізіміне енген. («Fortune» журналы, 2005 жыл)
- «Жыл кәсіпкері» атағы. («Businessweek» журналы, 2007 жыл);
- «Әлемдегі ең үздік 30 CEO» қатарына кірген. («Barron’s» журналы, 2008 жыл);
- «Әлемнің ең ықпалды 100 адамы» қатарына кірген. («Time» журналы, 2009,2014 жылдары);
- «Қытайдың ең қуатты адамдары» тізіміне кірген. («BusinessWeek» журналы, 2009 жыл)
- «Қытайдың ең құрметті 10 кәсіпкері» қатарында. («Forbes China» журналы, 2009 жыл);
- Кедейлер мен апаттан жапа шеккенкерге көрсеткен көмегі үшін «Азиядағы қайырымдылық қаһарманы» атағын алған. («Forbes Asia» журналы, 2010 жыл);
- Ғылымдар докторы. (Ганконг ғылым мен технологиялар университеті, 2013 жыл)
- «Әлемнің ең қуатты адамдары» тізімінде отызыншы орында. («Forbes» журналы, 2014 жыл). БАҚ деректері пайдаланылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024