Ыбырай Әшімханұлы Тілеуғалеев 1965 жылы 11 наурызда Қорған облысы, Кетов ауданы, Каширино ауылында дүниеге келген. 2010 жылдың 9 желтоқсанынан бастап Бас көлік прокуроры.
1982 жылы мектеп аяқтаған соң, Кетов ауданы, Лесной совхозына жұмысшы болып орналасқан.
1983 жылдан 1982 дейін КСРО-ның Қарулы Күштерінде әскери борышын өтеді.
1990 жылы Свердловск каласындағы заң институтын бітірген соң, Қорған қаласының Первомай ауданы прокуратурасының стажер болып жұмысқа қабылданады, кейін тергеуші, Қорған қаласы прокуратурасының аға тергеуші болып істейді.
1992 жылдың қазан айынан 1995 жылдың шілде айына дейін Қостанай облысы Қостанай қалалық прокуратурасының аға тергеуші, прокурордың көмекшісі лауазымында жұмыс атқарады.
1995 жылдың шілде айынан 1997 жылдың шілде айына дейін Қостанай қаласы прокурорының орынбасары, кейін 2001 жылдың қазан айына дейін Қостанай қаласының прокуроры болған.
2001-2007 жылдар аралығында Қостанай және Ақмола облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарады.
2007 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының соттарда қылмыстық істер қаралу заңдылығын қадағалау Департаментінің заң күшіне енген сот қаулыларының заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы болып тағайындалады, кейін сотта мемлекеттің мүддесін өкілдік ету және сот қаулылар заңдылығын қадағалау Департаментінің бастығының орынбасары болады.
2010 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы прокурорлар Департаментінің бастығы болып тағайындалады.«Құрмет» орденімен марапатталды.
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені бар. Үйленген, төрт баласы бар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024