- Егер сіз өз жолыңыздан қарама-қарсы бағытқа шығып кетсеңіз жүргізуші куәлігіңізді ешқандай ақталуға мұрша бермей (ҚР Жол қозғалысының ережелері, 3 бөлім, 596- бабы) заңды түрде тәркілей алады.
- Егер сіз жасанды немесе жалған мемлекеттік нөмірді тағып жүрсеңіз(4 бөлім, 590-бабы) ойланбастан жүргізуші куәлігіңізбен қоштаса беріңіз.
- Жол апатын жасауда жиі себепші болсаңыз, егер ол жыл бойы қайталана берген болса (606-бабының 2-бөлігі) сізден автоматты түрде жүргізуші куәлігін алып қояды.
- Темір жолдан тыйым салынған кезде кесіп өту және уақытынан бұрын жүру, сондай-ақ қиылысудан тыс жолдарды кесіп өту ережелері жиі қайталанып, жыл бойы жалғасқан болса (2-бөлім, 607-бабымен) сіз көлік айдау құқығыңыздан айырыласыз.
- Мас күйде көлікті тізгіндегенде және мас адамға көлікті жүргізуге берген болсаңыз сізден (608-бап) жүргізуші куәлігіңіз оп-оңай тәркіленеді.
- Жазатайым жол апаты болған кезде сіздің немесе апатқа қатысты көліктегі адам және әлдебір сол маңдағы кісі өліміне себепші болсаңыз 610-бап бойынша сіздің жүргізуші куәлігіңіз тәркіленеді.
- Егер жол апаты болған кезде, сіз кінәлі болсаңыз да, кінәлі болмасаңыз да оқиға орнынан қашып кеткен жағдайда (2-бөлім,611-бап) жүргізуші куәлігіңізді заңмен тартып алады.
Рүстем Пердебек
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024