Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қандай жағдайда жүргізуші куәлігінен айырыласыз?

Қандай жағдайда жүргізуші куәлігінен айырыласыз?
Қазіргі кезде көлік пен адамзаттың жарыса көбейіп келе жатқан уақыты. Кейде белгілі-бір себеп- салдардан тәжірибелі жүргізушілердің өзі жол ережелерін бұзып жатады. Осыған байланысты 7kun.kz сайты сіздерге сәттілік тілей отырып, жүргізуші куәлігіңізден айрылып қалуға себеп болатын  жеті жағдайды ұсынады.
  1. Егер сіз өз жолыңыздан қарама-қарсы бағытқа шығып кетсеңіз жүргізуші куәлігіңізді ешқандай ақталуға мұрша бермей (ҚР Жол қозғалысының ережелері, 3 бөлім, 596- бабы) заңды түрде тәркілей алады.
  2. Егер сіз жасанды немесе жалған мемлекеттік нөмірді тағып жүрсеңіз(4 бөлім, 590-бабы) ойланбастан жүргізуші куәлігіңізбен қоштаса беріңіз.
  3. Жол апатын жасауда жиі себепші болсаңыз, егер ол жыл бойы қайталана берген болса (606-бабының 2-бөлігі) сізден автоматты түрде жүргізуші куәлігін алып қояды.
  4. Темір жолдан тыйым салынған кезде кесіп өту және уақытынан бұрын жүру, сондай-ақ қиылысудан тыс жолдарды кесіп өту ережелері жиі қайталанып, жыл бойы жалғасқан болса (2-бөлім, 607-бабымен) сіз көлік айдау құқығыңыздан айырыласыз.
  5. Мас күйде көлікті тізгіндегенде және мас адамға көлікті жүргізуге берген болсаңыз сізден (608-бап) жүргізуші куәлігіңіз оп-оңай тәркіленеді.
  6. Жазатайым жол апаты болған кезде сіздің немесе апатқа қатысты көліктегі адам және әлдебір сол маңдағы кісі өліміне себепші болсаңыз 610-бап бойынша сіздің жүргізуші куәлігіңіз тәркіленеді.
  7. Егер жол апаты болған кезде, сіз кінәлі болсаңыз да, кінәлі болмасаңыз да оқиға орнынан қашып кеткен жағдайда (2-бөлім,611-бап) жүргізуші куәлігіңізді заңмен тартып алады.

Рүстем Пердебек

Похожие материалы