Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Алатау" инновациялық технологиялар паркі" жұмысы қайта форматталады

"Алатау" инновациялық технологиялар паркі" жұмысы қайта форматталады

Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz — 2018 жылдың қаңтарында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында орналасқан «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын дамыту мәселелерін қайта қарауды тапсырды.

«Өз кезегінде АЭА басқарушы компаниясы - «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры ҚР Инвестициялар және даму министрлігінен ҚР Ақпараттық коммуникациялар министрлігінің қарамағына берілетін болады.

Инновациялық технологиялар паркі (ИТП) бойынша дамып келе жатқан жобалардың 80 пайызы экономиканы цифрландыру мен цифрлы экспортқа байланысты. Сондықтан, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырылудың негізгі үйлестіруші органы ҚР АКМ болғандықтан осылай жасалып отыр. ҚР АКМ «ИТП» дербес кластерлік қор құралдарын Астанадағы АТ-стартаптардың халықаралық паркін дамыту жоспарларымен біріктіру арқылы цифрландырудың тиімділігін арттырады»,- деді вице-министр.

Тимур Тоқтабаевтың айтуынша, «ИТП» дербес кластерлік қоры заңнамада бекітілген жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлінген қаржының 1 пайызын падалануды жалғастырады. 2015-2017 жылдары жер қойнауын пайдаланушылардан ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартылған қаржы 3,5 млрд теңгеден асты (барлығы 35 компания). 2,6 млрд теңгенің 64 жобасы қаржыландырылды. Соның ішінде, 2015 жылы 5 жоба (21,4 млн теңге), 2016 жылы - 27 жоба (856 млн теңге), 2017 жылы - 32 жоба (1,7 млрд теңгеден астам) қаржыландырылды. Сонымен қоса, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі қазақстандық индустрияны цифрландыру бойынша жұмысын жалғастырады. Перспективалы жобалар іске асырылып жатыр.

«ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен ақпараттық технологиялар негізінде жетекші алтын өндіретін кәсіпорын өндірісті автоматтандыру мен цифрландырудың толық циклін құру, бизнес-процестерді жүйелеу және процестер мен адам ресурстарын онлайн режимде басқару жұмыстарын жүргізеді. Компания цифрландырудың жоспарланған үш кезеңнің біріншісінде шығындарын 15-20 пайызға азайтты», - деді Т.Тоқтабаев.

Похожие материалы