Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz — Ресей Федерациясы ЕАЭО-қа мүше мемлекеттерден жеткізушілердің (мердігерлердің) жекелеген заңды тұлғалармен бірдей, тауар, жұмыс, қызмет сатып алуларына қатысу мүмкіндігін растады, деп хабарлайды «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен шаруашылықты жүргізетін субъектілер жекелеген заңды тұлғалар түрлерімен (мемлекеттік емес сатып алулардың) жүргізілетін тауар, жұмыс, қызмет сатып алу процедураларында ресейлік заңды тұлғалармен теңдей қатыса алады. Бұл туралы 2018 жылы қаңтарда Ресей Федерациясы Қаржы министрлігіне Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлады.
РФ Қаржы министрлігі ЕАЭО елдерінің тауар, жұмыс, қызметіне Ресейде өндірілген тауар, жұмыс, қызметпен теңдей басымдық беруді Ресей Федерациясы Үкіметінің 2016 жылғы 16 қыркүйектегі №925 «Шетелдік мемлекетте шығарылатын тауарлар, шетелдік тұлғалар көрсететін, атқаратын жұмыс, қызметке қатысты Ресейде өндірілген тауар, Ресей тұлғаларымен орындалатын жұмыс, қызмет басымдығы туралы» қаулысымен растады.
Мұнымен қоса, РФ қаржы министрлігі Ресей Федерациясының экономикалық даму министрлігінің бұған дейін айтқан позициясына (ҚР Экономикалық даму министрлігінің 10.04.2017 ж. № ОГ-Д28-4261 хаты) сілтеме жасай отырып, аталған позицияны есепке алуға кеңес берді.
Жекелеген заңды тұлғалар түрлерінің сатып алу қызметі 2014 жылдың 29 мамырындағы мемлекеттік және муниципальдық сатып алулар туралы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімшартын реттеу саласына жатпайтынын ескере отырып, аталған басымдықты беру, Ресей Федерациясының ЕАЭО ішкі нарығын қалыптастыруға және Одақ бойынша серіктестердің жағдайын түсіну әрекетіне қатысты жүйелі жұмысы екенін көрсетеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024