Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz — Business Insider басылымының мәліметі бойынша, Дуров мессенджерінің 2019 жылдың қазан айына дейін токендері дайын болмаған жағдайда, инвестицияларды өтейтін болады. Десе де, қаражатты толығымен қайтару жайында сөз қозғалмады.
Басылым инвесторлардың біріне ұсынылған құжаттармен танысты. Ол құжаттардан компания ақпан айының аяғына дейін ICO мөлшерін 1,7 млрд долларға ұлғайтуды жоспарлап отырғаны анықталды.
Жаңа құжатта Telegram 2019 жылдың қазан айына дейін токендерді шығармаған жағдайда ақшаны қайтаруды жоспарлап отырғаны жайлы айтылады.
Келісімшартты төлеу үшін эмитентте немесе Telegram-ның өзінде жеткілікті қаражат болатынына кепілдік жоқ. Эмитент де, Telegram да инвесторлардың пайдасы үшін токендерді сату арқылы түскен қаражатты пайдалануына болмайды.
Telegram ICO-сы 2 млрд-тан астам соманы жинаған жағдайда, ол тарихтағы ең ірі ICO-ға айналады. Жобаның инвесторы болып есептелетін BitBull Capital-дағы Джо Ди Пасквале басылымға Telegram жеткісі келетін мұндай сома мүмкін емес екенін айтады.
Сондай-ақ, егер Telegram 2 млрд доллар жинай алса, бұл токендерді шығаруға мүмкіншілік туатынын жеткізді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024