Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz – SpaceX және Tesla компанияларының иесі Илон Маск жұмыс күнін бес минуттық үзілістерге бөліп, электрондық поштаны талдауға көп уақыт жұмсамауға тырысады. Бұл туралы The Independent хабарлады.
Масктың негізгі қағидасы - уақытты босқа өткізбеу. Бұл оған екі ірі компанияны басқаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, оның айтуынша, ол телефон қоңырауларының көпшілігін елемейді, тіпті, ұзақ уақыт бойы электрондық поштаға қарамайтын көрінеді.
Сонымен бірге, Маск туындаған қиыншылықтарын бір уақытта қадам-қадаммен шешуге тырысады. Оның үстіне әрқайсысына бес минуттан артық уақыт жұмсамайды. Журналистердің айтуынша, кәсіпкер тамақтану уақытын да бес минутқа сыйдыруды қалайды. Әсіресе, тамақтануды маңызды кездесулермен біріктіргенді жөн санайды. Ұйықтауға келсек, Маск тәулігіне алты сағат ұйықтайды.
Жұмыс аптасының жалпы ұзақтығы 85-тен 100 сағатқа дейін. Сонымен қатар, жұмыс уақытының шамамен 80 пайызы тікелей инженерлік жобалауға жұмсалуы мүмкін. Илон Масктың соңғы жобаларының бірі - ғаламдық тегін интернет жүйесін іске қосу. Ол үшін жер айналасы орбитасына 12 мың жер серігін ұшыру жоспарланады. Алғашқы екеуі Falcon 9 ракетасы арқылы 22 ақпан күні ұшырылған болатын.
Forbes журналы бойынша Илон Масктың дәулеті 2017 жылы 21 млрд долларға бағаланған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024