SpaceX Falcon 9 PAZ ұшуы сәтті аяқталды

PAZ
Фото: Spaceflight Now

Алматы. 23 ақпан. 7kun.kz — 22 ақпан күні, сәрсенбіде  SpaceX Falcon 9  зымыраны ұшырылды. Ғарыш кемесі  радиолокациялық бақылау үшін орбитаға испандық  PAZ спутнигін жеткізді. Сондай-ақ, ғарышқа интернет тарату үшін Microsat 2a, Microsat 2b екі тестілеу спутнигі де аттанды.

Ұшу үш мәрте кейінге шегеріліп барып, іске асты. Бастапқыда 17 ақпанда, кейін 18 ақпанда, одан кейін 21 ақпанға жоспарланған. Бірінші мен екінші ұшу уақытының кейінге шегерілуі техникалық себептер болса, үшіншісінде ауа райына байланысты болды.

Сонымен ұшу 22 ақпан күні Астана уақытымен 20:17- де Калифорниядағы Ванденберг әуе күштері базасында басталды.

https://www.youtube.com/watch?v=H5qVFjItcr0&app=desktop

20:28-де екінші сатыдан PAZ спутнигі сәтті ажырады. Ал  SpaceX-тің спутниктері біраз уақыттан кейін бөліну керек болды. Жоспарланғанда солай. Компания SpaceX спутниктері ажыраған кезде әлеуметтік желіде хабарлайтынына уәде берген.  Тура жоспарлағандай арада біраз уақыт өткен соң SpaceX спутниктері сәтті ажырап, деректерді Жерге жеткізе бастады. Бұл туралы Илон Маск Twitter парақшасына жариялады.

Айта кетейік, ұшу кезінде Falcon 9 зымыранының алғашқы сатысы қайтадан қолданылды.

Сонымен қатар, SpaceX зымыранның жоғарғы бас қақпақшасын ұстауға тырысты. Алайда ол кемеден жүздеген метр қашықтықта суға құлады.  Дегенмен, қақпақша бүтін. Бұл туралы Илон Маск инстаграм парақшасында мәлімдеді.

https://www.instagram.com/p/BfgRX-lgIt6/

Microsat 2a Microsat 2b  спутниктері Starlink  жүйесіндегі алғашқы спутниктер болды. Алдағы уақытта бүкіл жер жүзін интернетпен қамту үшін осындай 12 мың спутник ұшырылатын болады.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!