Алматы. 3 наурыз. 7kun.kz — «Қазақтелеком» АҚ 1 наурыздан бастап сатып алынатын телеконтенттің бағасының қымбаттауына байланысты кабельді телевидение қызметіне тарифті көтерді, деп хабарлады компания.
«Осымен абоненттерге 2018 жылғы 01 наурыздан бастап кабелдік телевидение қызметінің ай сайынғы құны ҚҚС есебімен 200 теңге сомасына артқаны туралы хабарлаймыз. Құнның артуы бейрезиденттерден алатын телеконтенттің қымбаттауына байланысты болды», – делінген «Қазақтелеком» АҚ сайтында жарияланған хабарламада.
Сонымен қатар, 1 наурыздан бастап телевидение пакеттерінің құрамында өзгерістер болады.
Атап айтқанда, құқық иелерімен арадағы шарттың мерзімінің аяқталуына байланысты iD TV және iDTVOnline пакеттеріндегі CartoonNetwork, Boomerang, CNN телеарналарын тарату тоқтатылады.
Сонымен қатар, құқық иелерімен арадағы шарттың мезімінің аяқталуына байланысты, кабельді аналогтық телевидение пакеттеріндегі CartoonNetwork, Boomerang және «Любимое кино» телеарналарын тарату тоқтатылады.
Осы ретте, iD TV және iDTVOnline пакеттеріне DeutscheWelleEnglish және «Беларусь 24» телеарналары қосылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024