Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz - Қазақстанда 2018 жылы ақпан айының соңында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы биржалық бағамы 320,30 теңге болып, өткен айдан 0,8 пайызға, ал жыл басынан бері 3,6 пайызға нығайды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.
Ақпанда 1 АҚШ долларына шаққандағы теңге бағамы 318,68 теңгеден 327,32 теңгеге дейін өзгерді.
Өткен айда KZT/USD валюталары бойынша операциялардың жалпы көлемі 14,4 млрд АҚШ долларын құраған (ақпанда операциялардың жалпы көлемі 2 пайызға төмендеді). Соның ішінде, Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі 3,3 млрд АҚШ долларын (-12,2 пайыз), биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі 11 млрд АҚШ долларын (+1,5 пайыз) құрады.