Алматы. 3 сәуір. 7kun.kz - Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2018 жылдың наурыз айында түскен міндетті медициналық сақтандыру жарнасының мөлшері 7,7 млрд теңгені құрады.
Жалпы, жаңа жүйе іске қосылған уақытта, яғни 2017 жылдың шілдесінен 2018 жылы наурыз айының соңына дейін МСҚ-ның Ұлттық банктегі шотына 55,1 млрд теңге көлемінде қаржы аударылған.
Оның ішінде, 46,8 млрд теңге (85 пайызға жуығы) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,3 млрд теңгеге жуық қаржы (шамамен 15 пайыз) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Бүгінде Қазақстан бойынша жарна төлеу жағынан Алматы мен Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды облысы көш бастап келеді.