Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Наурызда базалық мөлшерлеме +/-1 пайыз дәлізбен жылдық 9,5 пайыз болды

Наурызда базалық мөлшерлеме +/-1 пайыз дәлізбен жылдық 9,5 пайыз болды

Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz - 2018 жылғы наурызда базалық мөлшерлеме +/-1% дәлізбен жылдық 9,5% болды. Ұлттық банктің шешімімен 2018 жылғы 16 сәуірден бастап ол +/-1% дәлізбен жылдық 9,25%-ға төмендеді.

2018 жылғы наурыздың соңында айналыстағы ноттардың көлемі бір айда 4,6%-ға ( жыл басынан бастап өсу 31,5%) ұлғайып, 4 186,4 млрд теңгені құрады.

Қысқа мерзімді ноттар эмиссиясының көлемі 2018 жылғы наурызда 4 475,6 млрд теңге болды. 23 аукцион, оның ішінде 3 333,7 млрд теңге сомаға 7 күндік ноттарды орналастыру бойынша 18 аукцион, 967,5 млрд теңге сомаға 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 3 аукцион, 92,5 млрд теңге сомаға 6 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион және 81,8 млрд теңге сомаға 1 жылдық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион өткізілді.

Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноттарының өтелген көлемі 2018 жылғы наурызда 4 312,6 млрд теңгені құрады. Орналастырылған 7 күндік ноттар бойынша орташа алынған кірістілік 8,63%, 1 айлық ноттар бойынша – 8,71%, 6 айлық ноттар бойынша – 8,57%, 1 жылдық ноттар бойынша – 8,49% болды.

Похожие материалы