
Алматы. 12 маусым. 7kun.kz - Алғашқы бес айда мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындысы туралы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, мемлекеттік бюджет кірісі — 11%, республикалық —12%, жергілікті — 7% өсті. Бұған пайдалы қазбалар алудан түсімдер көлемі мен ойын бизнесіне салықтың артуы ықпалын тигізді. Осылайша, мемлекеттік бюджетке жалпы 3290 млрд теңге келіп түсті, оның ішінде республикалық бюджет сомасы — 2334 млрд теңге.
«Жергілікті бюджет табыстары 120 млрд теңге сомасына артығымен орындалып, 957 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 60 млрд теңгені құрады», — деді Б. Сұлтанов.
Қаржы министрлігінің мәліметтері бойынша, 1 маусымдағы деректерге сүйенсек, 178,6 млрд теңге сомасына келісімшарттар жасалған. Өңірлерге 190,1 млрд теңге бөлінген.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025