Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекеттік бюджет кірісі 11 пайызға өсті

Мемлекеттік бюджет кірісі 11 пайызға өсті

Алматы. 12 маусым. 7kun.kz - Алғашқы бес айда мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындысы туралы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік бюджет кірісі — 11%, республикалық  —12%, жергілікті — 7% өсті. Бұған пайдалы қазбалар алудан түсімдер көлемі мен ойын бизнесіне салықтың артуы ықпалын тигізді. Осылайша, мемлекеттік бюджетке жалпы 3290 млрд теңге келіп түсті, оның ішінде республикалық бюджет сомасы — 2334 млрд теңге.

«Жергілікті бюджет табыстары 120 млрд теңге сомасына артығымен орындалып,  957 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 60 млрд теңгені құрады», — деді Б. Сұлтанов.

Қаржы министрлігінің мәліметтері бойынша, 1 маусымдағы деректерге сүйенсек, 178,6 млрд теңге сомасына келісімшарттар жасалған. Өңірлерге 190,1 млрд теңге бөлінген.

Похожие материалы