Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ құпия сөзсіз-ақ банкоматтан ақша алуға болатын жүйені сынақтан өткізіп жатыр

АҚШ құпия сөзсіз-ақ банкоматтан ақша алуға болатын жүйені сынақтан өткізіп жатыр

Ірі американдық банкоматтарды шығарушы Diebold Inc. картасыз банк шоттарынан ақша алу мүмкіндігін беретін жаңа технологияларды сынауды бастады. Бұл туралы pronedra.ru сайты хабарлады.

Жаңа құрылғыға пернетақта не экран керек емес. Ақшаны шығарып алу үшін банктің мобильді қосымшасын қолдану міндетті. Қосымша арқылы қанша ақша керектігін, қай жердегі автоматтан шығарып алатын қолданушы жіберсе болғаны. Клиент банкоматқа келгенде, құрылғы көз торын сканерлеп, кім екенін анықтайды. Нәтижесінде, тұтынушы қолма-қол ақшасын ала-алады. Бұл технология ПИН-кодтарды теру арқылы жүзеге асырылатын ұрлық және алаяқтық деңгейін төмендетеді. Дегенмен мыңдаған  банкоматтарды жаңа технологиямен жабдықтау үшін банк қаражаты жұмсалады. Алғашқылардың бірі болып жаңа технологиямен жабдықталған бұл  банкоматтарды американдық ірі банк Citigroup Inc. енгізеді. Сонымен қатар, BMO Harris Bank Чикаголық банкінде 900-ден астам  карта талап етпейтін, иесін дауысы арқылы танитын банкоматтар жұмыс істейді.

Похожие материалы