АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ
Еңбек өнiмдiлiгiнiң төмен деңгейi, еңбекке қабiлеттi халықтың көпшiлiгi жұмыспен қамтылмаған, шығарылған өнiмнiң басым көпшiлiгi бәсекеге қабiлетсiз, халық шаруашылығы салаларының импорт жеткiзiлiмдерiнен едәуiр тәуелдiлiгi және т.б. орын алған жағдайда ұлттық валютаның белгiленген бағамы экономиканы қазынашылық және ақша -несие жағынан реттеу үшiн ұлттық ақшаның дүниежүзiлiк нарықтағы нақты құнын көрсетпеуiнен қолайсыз болады. Үкiмет көпшiлiктi жұмыспен қамтуға және экономикалық өсуге бағытталған тәуелсiз экономикалық саясатты жүргiзуге мүмкiндiгi болмайды. Төлем балансының тапшылығы ұзақ уақыт сақталған жағдайда, Үкiмет қаржы қорларын жоғалтуы мүмкiн. Тiркелген ұлттық валюта бағамы баланстағы туындайтын үйлесiмсiздiктердi пайдалануы, ықтимал iрi алтын-валюта резервтерiнiң болуын талап етедi. 1998 жылы дүниежүзiлiк нарықтағы және Ресей экономикасындағы экономикалық жағдайдың нашарлау жағына қарай күрт өзгеруi, тiркелген ұлттық валюта бағамының өзiнiң тiршiлiк етуге жарамсыздығын көрсеттi. Қазақстан экономикасы өз валютасының тұрақтылығын қолдау үшiн алтын-валюта қорларының едәуiр мөлшерiн жоғалтты. Үкiметтiң саясаты бюджет тапшылығы мен салықтардың мөлшерлемелерiн көзделген деңгейде сақтау арқылы экономиканы тұрақтандыруға бағытталған болатын. Салықтық-бюджеттiк реттеу әлсiз болса да жиынтық кiрiстiң өсуiн ынталандыруды негiзге алған. Ақша-несие саясатының рөлi айырбастау бағасының жарияланғанмен тепе-тең сәйкестiгiн қамтамасыз ету үшiн ақша ұсыныстарын реттеумен шектелген едi. Несие ұйымдарын ынталандыру мен олардың экономиканың нақты секторымен өзара iс-қимыл жасауын қолдау мәселелерi ҰБ тарапынан тiкелей реттеу аясынан шығарылып, ақша нарығының өтiмдiлiгiн басқару қиындады, ашық нарықта ломбардтық несиелеу және РЕПО мәмiлелерi, коммерциялық банктерге күндiк қарызбен “овернайт” несиелерiн беру сияқты классикалық операцияларды жүзеге асыру қиындады. Осымен бiрге, Үкiмет жұмыссыздықты азайтудан ұлттық валютаның құнсыздауымен күресудi маңыздырақ деп санап, тiркелген айырбастау бағамы қолданылған жағдайда, инфляцияны ауыздықтау мен инфляциялық болжамды төмендетуде едәуiр нәтижелерге қол жеткiздi. Баланстағы тепе-теңсiздiк кезiнде орын алатын ұлттық валюта бағасының ауытқуына сыртқы қаржыландыру көздерiн тартпай-ақ түзету жасалады. Осы мақсаттарға Халықаралық Валюталық Қор несиелерiн қарызға алу, қосымша валюта мен алтын резервтерiн жасау қажет болмайды. Еркiн айырбас режимiне көшкен кезде ұлттық валюта құнсызданғаннан кейiн, шетелдiк нарықтағы ұлттық тауарлар арзандап, бұл өз кезегiнде экспорт мөлшерiнiң қалпына келуiне және импорттың кемуiне, елге еркiн айырбасталымды валюта ағымының артуына ықпал еттi. Еркiн өзгермелi ұлттық валюта бағамы жағдайында Үкiмет елдiң экономикалық ахуалына, сыртқы экономикалық қатынастарына, валюта резервтерiне, берешектерге, тауарлық және қаржылық ағындардың серпiнiне тiкелей ықпал етуге мүмкiндiк алды. [7; 129б] Сонымен бiрге, Қазақстан экономикасында бiрқатар дағдарыстық жағдайлар соңына дейiн әлi де жойылмай келедi. Экономиканың кейбiр салаларында өндiрiстiң құлдырауы тоқтатылмады, салық салу және бюджеттiк кiрiстi арттыру проблемалары орын алуда, мемлекеттiк iшкi және сыртқы қарыздар мөлшерi өсуi жалғасуда және мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiк табалдырығының мағынасына жақындады, өндiрiстiк салаға берiлетiн несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер жоғары болып қалуда, шаруашылық етушi субъектiлердiң инвестициялық белсендiлiгi тиiстi деңгейде емес және т.б. Мұның барлығы ақша-несиелеудi реттеу жөнiндегi шаралар бюджеттiк шығындар мен салық салуды басқару жөнiндегi мемлекеттiк шаралармен тығыз байланысты болу керектiгiн дәлелдейдi. Жұмыстың тақырыбы “ ҚР ақша-несие саясаты” Жұмыс ақша-несие саясатының мәнi мен қазiргi кезеңдегi оның даму проблемаларын айқындауды мақсат тұтады. Қойылған мақсатқа байланысты мына мiндеттер белгiлендi: Бұл тақырып бойынша экономикалық әдебиеттi зерделеу және талдау: Ақша-несие саясатын басқарудағы зерделеу әдiстерiн талдау; Ақша-несие саясатының негiзгi сипаттамалары мен өлшемдерiн зерделеу; Ұлттық банктің ақша-несие саясатын жүргізу механизмін қарастыру; Ақша нарығындағы операцияларға және несиелік бақылауға талдау жасау; Ақша-несие саясатының инфляцияға әсерін қарастыру; Ақша-несие саясаты жүйесiн қалыптастыру мен жұмыс iстеу мәселелерi Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдармен тығыз байланыстырып қаралған.
1. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ-МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ 1.1. Ақша-несие саясатының экономикалық мәні, түрлері және мақсаттары
Ақша-несие - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуте,жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі - Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады. Ақша-несие саясатының екі түрі бар: ынталандырушы және тежеуші. Ынталандырушы монетарлық саясат экономиканың «төмендеу» кезінде, жұмыссыздықпен күресу және еңбек белсенділігін арттыру мақсатында жүргізіледі. Ынталандырушы саясат Ұлттық банк тарапынан ақша ұсынысын өсіру шаралары арқылы жүзеге асырылады: Ол шаралар: • міндетті резервтер нормасын төмендету; • есептелген пайыз мөлшерлемесін төмендету; • Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуы. Тежеуші монетарлық саясат экономиканың «өрлеу» кезінде инфляцияны төмендету және еңбек белсенділігін азайту мақсатында жүргізіледі. Ұлттық банк тарапынан тежеуші монетарлық саясатты жүзеге асыру барысында ақша ұсынысын азайту шаралары пайдаланылады. Ол шаралар: • міндетті резервтер нормасын өсіру; • есептелген пайыз мөлшерлемесін өсіру; • Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды сатуы. Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады: 1. рекстрикциялық ақша-несие саясаты; 2. экспанциялық ақша-несие саясаты. Рекстрикциялық ақша-несие саясаты - екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы. Экспанциялық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты-инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады. Ақырғы мақсат: а) экономиканың өсуі; ә) толық жұмысбастылық; б) бағаны тұрақтандыру; в) төлем балансын тұрақтандыру. Аралық мақсат: а) ақша жиыны; ә) пайыз мөлшерлемесі; б) айырбас курсы. Құралдары: а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу; ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі; б) есептеу молшерлемесінің өзгерісі; в) ашық нарықтағы операциялар. Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада, әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңіңде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады. Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады. Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады. Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі: • қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу; • ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу; • мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу; • банктерге және үкіметке несие беру; • валюталық нарықтағы басқыншылық; • кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу; • ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі. [1; 278-294]
1.2. Ақша-несие саясатының құралдары
Пайздық саясат ақша-несие саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейінің жалпы жағдайлырана және инфляциялық күтімдеріне байланысты анықталатынортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді. Ұлтық банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында, нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданылады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде қстап тұру мүдделігін ескереді. Теңгені айналысқа енгізгеннен кейінгі пайыздық саясаттың негізгі мақсаты- теңгені несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша массасының өнім қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, дәлірек айтқанда, пайыздар үшін төлемдер шығындарды құрайтындардың бірі. Яғни, жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандай да бір анықталмаған болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруі керек. Қазақстандағы жоғары қарқынды инфляцияға қарсы күресте пайдалануға мүмкіндік беретін келесі бір факторға шетел валютасына деген шектен тыс сұранысты азайту шаралары жатады. Теңгені енгізгеннен кейін жарты жыл ішінде валютаның бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық жолмен табыс алу мүмкіндігінің болуы ірі банктердің қысқа мерзімді капиталының қарыздықт нарықтан еліміздің валюта нарығына ағылуына жол берді. Айырбас бағамымен анықталатын теңгенің сыртқы құнының көрсеткіштер мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелер және бағалық қағаздар бойынша табыстылық арқылы анықталатын теңгенің ішкі құнының көрсеткіштері арасындағы қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді. [2; Қаржы операцияларының барлық түрлері бойынша пайыздық мөлшерлемесінің деңгейі Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша индикативті анықталады. Сауданың түрлері бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер өзара кейбір негізгі себептермен ерекшеленеді. Олардың арасынан мыналарды көрсетуге болады: қарыз мерзімінің әртүрлілігі, пайызды төлеумен байланысты тәуекелдің деңгейі және пайыздық мөлшерлемесінің өзгеру мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің деңгейі және пайыздық мөлшерлемесінің өзгеру мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің деңгейі. Мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, банкаралық несие, Ұлттық банкінің ноталары бойынша пайыздық мөлшерлемелер сауда мәніне сай келеді. Ұлттық банкінің ноталы және қазыналық вексельдер бойынша табысы Ұлттық банкінің банкаралық несие бойынша табысынан төмен болады. Бұл мемелекеттік қазыналық міндеттемелер және Ұлттық банкінің ноталарының пайызды және қарызды төлеу жағынан несиелерге қарағанда үлкен сенімділігімен түсіндіріледі. Резервтік талаптар. Банктерге берілетін несиенің көлемін реттеу үшін, банктің өз міндеттемелері бойынша төлей алмау тәуекелін төмендету және банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк резервтік талаптар механизмін қолданады. [4; 333б] Ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несие көлемін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынща төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қол-данады. Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдісін реттеу қызметтерін атқарады. Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «ҚР Коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 10,5%-ды құрайды. Банктер резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасьгн төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің баламалы тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің нормативтерін орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінен төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді. Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйьшуына тосқауыл болатындығын көрсетеді. [1; 285б] Банк резервтерінің шамадан тыс өсуіне байланысты резервтік талаптардың мөлшерін азатып қана қоймай, сонымен қатар, резервтердің баламалы тәртібіне ауысу мүмкіндігі пайда болады. Яғни, экономикалық нормативтерді орындайтын банктердің корреспенденттік шоттағы қаражаттарының мөлшері резервті талаптардан кем болмау керек. Ұлттық банк орташа айлық қалдыққа байланысты пайызды банктің корреспонденттік шоты бойынша төлейді. Резервтер бойынша пайызды төлеу резервтік талаптардың жоғары болу жағдайында несиелер жіне тартылған депозитер бойынша банктердің пайыздық мөлшерлемемсі арасындағы айырманы азайту қажеттілігі туындайды. Ақша-несие қатынастарын мұндай бақылау және реттеу механизмі ашық нарықтағы операцияларға және есеп мөлшерлемелерінің өзгерісіне қарағанда сирек пайдаланылады. [4; 335б] Несиелік операциялар. Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жыЛдары Ұлттық банк қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни Орталық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту мақсатында жүргізілді. Жеңілдікпен несие беру және кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауы қарастырылған жоқ. Ұлттық банк несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады.[1; 288б] Ұлттық банкі мен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы 1994 жылы қаңтар айындағы меморандумына сәйкес Ұлттық банк несиені үш негізгі бағыт бойынша береді. Директивті несиелер Үкімет белгілеген басымдықтар бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін коммерциялық банктер арқылы және несиелік аукциондар арқылы банктерге берілетін несиелер. Директивті несиелер айналасында қиын жағдай пайда болды. Сондықтан бұл несиелерді қайтару бойынша жұмыстарын тоқтатты, олар несие Үкіметтің кепілдемесі бойынша төленеді деп сенді, өйткені несиелер Қаржы министрлігі және Эеономика министрлігінің рұқсаты арқылы несиелік қабілетіне байланыссыз барлық шаруашылық органдарға берілді. Сөйтіп, банк жүйесі апқылы төлем қабілеті жоқ кәсіопорындарға қысым көрсетілді, олар банк несиесі есебінен бюджет дотациясын жасады, өйткені несие қайтару жүгі Қаржы министрлігіне ауысты. Төлемсіздікті шаруашылық есепке алу арқылы шешу, бір жағынан мәселені шешсе, екінші жағынан кәсіпорындардың айналым қаражатарын жоғалтуға әсер ететін факторды- бағалардың өсуін ынталандырды. Ақша-несие саясатының бұл құралы өткен уақыттың еншңсңнде қалды. Оның орнын тұрақты түрде жұмыс жасайтын клиринг алу керек және ол кәсіпорындардың қаржы тәртібін сақтаған кезде ғана төлемсіздік мәселесін шешуге мүмкіндік береді. [3; Үкіметтің несиелеу көлемі әрқашан бюджет тапшылығының деңгейімен және оны баламалы көздер арқылы жабу мүмкіндігімен анықталады. Қаншалықты бюджет тапшылығы жоғары болса, соғұрлым несие эмиссиясының ықтималдылығы үлкен болады да, ол инфляцияға ықпал етеді. Сөйтіп, үкімет оған балама инфляциясыз көздерді кеңейтуге мән береді, ондай көздерге: сыртқы қарыздар және үкіметтің бағалы қағаздары жатады. Ақша нарығындағы операциялар. Ақша нарығындағы операциялар-Орталық банктің айналыстағы ақша жиынының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операцияларын білдіреді. Мұны Орталық банкпен екінші нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында бағалы қағаздарды сату-сатып алу операциялары ретінде түсінуг болады. Бұл айналыстағы, коммерциялық банктердің өтімділігіндегі және несиелік салымдардағы ақша массасын реттеудің ең икемді әдісі. Мұның мағынасы мынадай: Орталық банкінің ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік экспансиясын шектеу мақсатында, нарықта бағалы қағаздарды сатып, бұл, қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан бегілі бір соманы есептеп шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Орталық банк кері операциясын жүргізеді- бағалы қағаздарды сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады. Осылармен Орталық банк ашық нарықтағы операцияларымен банк жүйесінде өзінің өтімділігін жоғарылату үшін жағымды жағдайлар жасайды немесе керісінше, сонымен бірге айналыстағы ақша массасының көлемін реттейді. Егер бағалы қағаздар Орталы банкпен алдын-ала дарланған бағам бойынша сатылса, онда Ұлттық банк сатып алушыларды ынталаныру үшін және сонымен олардың несиелік қабілетерін төмендетуүшін нарықтық бағамнан төмен бағаммен бекітеді. Бұл біршама ақша жиынын, коммерциялық банктердің өтімділігі және несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді. Орталық банк нарықта бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше, банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады. Осы айтылғанның барлығын Орталық банк коммерциялық банктердің несиелік мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді. Егер Орталық банк алдында сатып алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемі жаңа партия көлемінен көп болса, банктердің несие ресурстарының мөлшері шектеледі не керісінше рөл атқарады. Орталық банк ақша нарығы операцияларын мұқтаждық пайда болуына немесе ақша-несие эмиссия көлемінің кеңеюіне байланысты жүйесіз жүргізеді. [4; 289б] Валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімдлікті қамтамасыз ету саясаты. Ұлттық банкінің валюталық нарықтағы интервенциясы жалпыақша-несие саясатының шегінде жүзеге асты. Ұлттық банкінің шеел валютасын сату, егер ақша базасының өсімі басқа факторлардың әсерінен шетел активтерінен басқа болатын жағдайда, көбінесе ақша массасының өсімін стерилизациялау жән теңгенің айырбастау бағамын реттеу мәселелерін бір уақытта шешті. Бірақ, кейбір айларда таза шетел активтерінің өсімі Үкіметке берілген таа несиелер өсіміне қосарланды, сонда ақша базасының өсімінің төмендеуі, Ұлттық банкінің екінші деңгейлі банктеріне беретін несиелерінің азаюы және Ұлттық банктің ноталарын эмисиялау есебінен жүзегем асты. Осы кезеңдерде валюта бағамның саясаты ақша массасын реттеу саясатымен қарама-қайшылықты жоюға мүмкіндік беріп, бір уақытта, ақша массасына валюталық интервенцияларының әсер ету тиімділігін төмендетеді. [4;337б]
2. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУ ҚҰРАЛДАРЫ 2.1. Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын ретеу механизмі.
Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Ұлттық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі бағалы қағаздарды алып-сатумен де айналысады. Ұлттық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды,коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Ұлттық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Ұлттық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді. [1; 278б] Ұлттық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға әсер ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады. Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ұлттық банк тарапынан тежеуші монетарлық саясатты жүзеге асыру барысында ақша ұсынысын азайту шаралары пайдаланылады. Ол шаралар: -міндетті резервтер нормасын өсіру; -есептелген пайыз мөлшерлемесін өсіру; -Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды сатуы. Қазақстан Ұлттық банкінің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде қызмет етеді. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республкамыздағы ақша жиыныың шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді. Ұлттық банкінің маңызды қызметі- банктердің, жинақ және т.б. несиелік мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау болып табылады. «ҚР Ұлттық банк туралы» және «ҚР банктер және банктік қызмет туралы» Заңдарына сәйкес барлық мекемелер өз резервтерін Ұлттық банкіде сақтаулары тиіс, олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық банктердің қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар. Ұлттық банк- коммерциялық банктерді және басқа да қаржылық-несиелік мекемелерді несиелеу қызметін атқарады. Шетелде орталық банктерді «соңғы сатыдағы несие беруші» деп атайды. Олар- коммерциялық банктерден есеп мөлшерлемесін ала отырып, уақытша жетіспеген өтімді құралдарының орнын толтыру үшін несиелер береді. Әрине, бұл несиелер, сауда вексельдерімен, мемлекеттік бағалы қағаздармен, немесе банктердің меншікті қарыздық міндеттемелерімен қамтамасыз етілуі тиіс. [10; 62б]
Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудын басқа да мәселелері «ҚР Ұлттық банк туралы» заңы және «ҚР Ұлттық банк туралы ережесі негізінде анықталады.Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма тоғыз адамнан тұрады онын құрамына-Ұлттық банк төрағасы, оның төрт орынбасары, Парламент пен Президенттін бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынандай сұрақтарды шешеді: • Мемлекеттік ақша-несиелік саясатын жасайды; • Ұлттық банк шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді бекітеді; • Ұлттық банкінің банктермен және ҚР бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді; • ҚР валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін белгілейді; • Сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді; • Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді. Қазақстан Ұлттық банкінің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты төмендеп отырған. Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлеуеттік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.
ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады. Коммерциялық банктер Ұлттық банкке пайыз мөлшерлемесі есептелмейтін салым ретінде ақшаны сақтайды. Бұл депозиттегі ақшаларының белгілі бір бөлігі, мұны міндетті резервтер деп атайды. Әр мемлекетте ақшаны сақтау формалары әр түрлі болады. Міндетті резервтердің нормасы депозиттің көлемі мен белгілі бір пайыз мөлшерлемесі арқылы тағайындалады. Олар салымның түрлеріне байланысты бөлінеді. Мысалы, жедел салым талап етілген салымнан төмен болады. Банктер артық резервтерді сақтайды-бұл міндетті резервтердің артық сомасы өтімді құралдарға сұраныс өсетін төтенше жағдайларға пайдаланылады. Несиелеу және қаржыландыру операцияларын соңғы жылдары Ұлттық банк қызметінің алдағы уақыттырда классикалық қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданды. Ұлттық банк несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады. Ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несие көлемін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады. [11; 64б]
2.2. Бағалы қағаздар нарығы
Бағалы қағаздар-ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін: не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі, не есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуге берілсе бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын беретін құжатты сертификат деп атайды. Шығаруы жөнінен бағалы қағаздар нарықтық және нарықтан тыс болып та екіге бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар әлеуметтік - нарықтық қатынастардың дамуы негізінде пайда болған қағаздардың ерекше түрі. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары, депозиттік (салым) облигациялары және с.с. жатады.Жинақ облигациялары негізінен жеке тұлғалар арасында орналастырылады. Зейнетақы қорларыныц облигациялары және жеке зейнетақы облигациялары, оларға, біреуге жалданбай-ақ өзалдына қызмет істейтін адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Ал депозиттік облигациялар қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болып үшке бөлініп, тек жергілікті басқару органдарына ғана сатылады. Бұл ұйымдар шамалы болса да табыс әкелетін, бірақ салық төлеуден босатылған өздерінің облигацияларын шығаруы мүмкін. Нарықтан тыс бағалы қағаздар әртүрлі қорларға немесе банктерге, оның ішінде шетел банктеріне және кәсіпорын, ұйьмдарға салған капиталдан түскен табысты иемденуге құкық береді. Бұл бағалы қағаздарды шығару шарты бойынша иемденуші-занды немесе жеке тұлғалар- оларды басқа иемденушіге беруге құқығы жоқ. Сондықтан бұл қағаздар нарықта еркін айналымға түсе алмайды. Сонымен қатар, нарықтан тыс бағалы қағаздарға басқа мемлекеттердің Орталык банктерінде орналастыру үшін шығарылуы кең өрістеген облигациялар жатады. Соңгы кездерде барлық дамыған елдерде нарықтан тыс бағалы қағаздарды шығаруды кеңейту және олардың түрлері мен санын көбейту тенденциялары байқалуда. [5; 65б]
Ал айналымға түсетін бағалы қағаздарды нарықтық бағалы кағаздар деп атайды. Бағалы қағаздар айналысы деп- сатып алу-сатуды және заң жүзінде олардың иемденушісін өзгеру әрекетерін айтады. Бағалы қағаздарды шығарып, оны айналымға түсірушіні эмитент деп атайды. Бағалы қағаздарды шығарып, оларды бірінші иемденушілерге (инвесторларға) сату мына түрде жүзеге асырылады (инвесторлар жеке және заңды тұлға болуы мүмкін): біріншіден, қоғам құрып, олардың акцияларын құрылтайшылар арасында орналастырғанда; екіншіден, қоғамның алғашқы жарғылық капиталының көлемін жаңадан акция шығарып өсіргенде; үшіншіден, заңды тұлғалардың, яғни мемлекеттің, мемлекеттік органдардың немесе жергілікті әкімшіліктердің облигация және басқа қаржы міндеттемелерін шығару арқылы қарыз капиталын пайдаланғанда. Сонымен, қоғам құрылғанда оның жарғылық капиталы құрылтайшылар арасында толығынан үлестірілуі қажет. Қоғам құрылған кезде оның акцияларына жазылуға болмайды. Эмитент және сонымен қатар эмитенттің келісімімен бағалы қағаздарды алғашқы иемденуші инвестициялық институттар әрбір бағалы қағаздарды сатып алушыға сату тәртібін түсіндіретін эмиссия проспектісін аддьң-ала шығаруы тиіс. Оны ақпарат құраддарында жариялау міндетті. Эмиссия проспектісінің бірінші тарауында эмитент туралы жалпы деректер, яғни эмитенттің аты мен ұйымдастыру-кұқықтық формасы және эмиссия проспектісіндегі деректердің дұрыстығына жауапты адамның аты-жөні көрсетіледі. Ал екінші тарауында инвестициялық мәлімдеме жарияланып, онда инвестицияның маңызы және инвестициялық саясаттың бағыты немесе бағалы қағаздар нарығындағы эмитенттің қысқаша жұмысы баяндалады. Үшінші тарауында бағалы қағаздар шығару жөнінде мәліметтер жарияланады. Ол мәліметтер арасында: • шығарылатын бағалы қағаздардың түрі, оның номиналы, жазылу бағасы; • акция сатуды бастау және аяқтау күндері; • бір инвестор сатып алуға рұқсат етілген акция саны; • бағалы кағаздарды сату түрі (қолма-қол ақшаға немесе қолма-кол ақшасыз есеп арқылы сату); • кейбір инвесторларға сатып алуды шектеу; • эмитенттің адресі мен телефоны бар. Қорыта айтқанда, эмиссия проспектісін шығару эмитенттің сенімділігін, инвесторлар мүддесінің қорғалуына, сайып келгенде, бағалы қағаздар нарығы қызметін бақылауға көмектеседі. Эмитент пен инвестиция институттары, яғни акцияларды алғашқы иемденушілерге сатушылар акцияның бағасын барлық сатып алушыларға бірдей белгілеулері міндетті. Бұл жағдайда бір уақытта шығарылған акциялардьщ бағасы бірдей болуы шарт. Бағалы қағаздарды шығаруды мемлекет органдары қатаң бақылап отырады. Оларды шығарушылардың барлығы Қазақстан республикасының Қаржы Министрлігі жанындағы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияда тіркеуден өтіп, мемлекеттік тіркеу номерін алуы қажет. Қаржы нарығы-мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Бұл қорлар экономиканың әртүрлі субъектілерінің сұранысы мен ұсынысы әсерінен өзгеріп және үнемі қозғалыста болады. Жаллы қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: Біріншіден, айналымдағы қолма-қол ақша нарығы және қолма-қол ақша қызметін атқаратын қысқа мерзімді төлем құралдары (вексельдер, чектер және т.с.с.) жатады. Екіншіден, несие капиталының нарығы, яғни қысқа және ұзақ мерзімді банктік несие нарығы. Коммерциялық банктер қысқа мерзімді несиені қайтарылуына көзі жеткенде ғана жоғары проценттік өсіммен береді. Үшіншіден, бағалы қағаздар нарығы. Бұл нарықтың кейбір белгілері КСРО-да қазан революциясына дейін болғанымен, соңғы 70 жыл бойы оның ешқандай өсу белгісі болған жоқ. Ал 90-шы жылдардың басында ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда басталған нарық қатынастары даму және одан әрі жетілу үшін белгілі бір уақыт қажет. Себебі, нарық меншік қатынастарын және мемлекет пен жергілікті басқару органдарының қаржы саясатын өзгертуден басталады. Айта кету керек, нарық ең бірінші меншікті жекеменшіктендіру және мемлекеттік кәсіпорындарды акцияландырудан басталады. Қазіргі кезде егемен жас мемлекеттер бюджет тапшылығын толтыру мақсатында бұрынғы үйренген әдіс-ақша белгілерін шығарумен шұғылданбай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздардың бірі-қысқа мерзімді мемлекеттік вексельдерді шығарумен айналысуда. Жергілікті басқару органдары да дәл осы жолды пайдалануда. Бағалы қағаздар нарығы экономиканың кез-келген саласының өз қажетіне ақша қорын алуына жол ашуда. Мысалы, акция шығарып осы қорды үнемі, яғни кәсіпорын жабылғанша пайдалануға болады. [5;73] Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айрықша тауарымен өзгешеленеді. Ол өзгеше тауар-бағалы қағаздар. Олар біріншіден, меншік белгісі, екіншіден, қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бұдан бұрын айтқанымыздай, бұл тауарды өз құны аз болсада, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады. Бағалы қағаздардың көрсетілген құны (номиналы) өте төмен болғанымен, мысалы, өндіріс кәсіпорнына жұмсалған нақты капиталдың белгілі-бір мөлшерін көрсетеді. Егер бағалы қағаздарға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, оңда оның бағасы көрсетілген құннан (номиналынан) жоғары болады (керісінше де болуы мүмкін). Бұндай нарықтық бағаның номиналдан ауытқуы, бағалы қағаздардың "жалған капитал" екенін көрсетеді. Жалған капитал-нақты капиталдың қағаз белгісі, яғни өңдірістік капиталдың оқшауланып шыққан бір бөлігі (сауда, несие капиталдары). Бағалы кағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретін «символы» болғандықтан оны "қордың кұндылықтары" деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы кағаздар "қордың инструменті немесе құралы" болып та есептеледі. Себебі тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуге немесе сол құндылықтар бір субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді. Бағалы қағаздар нарығы нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі. Бұл алдымен капиталды инвестициялау процесінс қатысты. Капиталды инвестициялау-оның капиталға мұқтаж өндіріс салаларына құйылуы, ал артык болған уақытта сол саладан қайта алынады. Капиталдың бұндай айналыс механизмі мынадан түсінікті.Мысалы, кейбір тауарларға немесе қызмет түрлеріне сұраныс өссе, онда соған сәйкес бағасы да өседі. Демек,оларды өндіруден пайда да өседі, сондықтан басқа салалардың өніміне сұраныс азайып, олардың экономикалық тиімділігі кеміп, ондағы капитал өніміне сұраныс өсіп тұрған салаларға құйылады. Бағалы қағаздар осы механизмнің қызметін қамтамасыз ететін құрал. Олар уақытша бос капиталды сату-сатып алу арқылы тиімді өндіріске бағыттап отырады. Нарықтық экономиканың тәжірибесінде капитал ең алдымен қоғамға шын мәнінде кажетті өндіріске орналасады. Нәтижесінде қоғамдық өндірістің ең үйлесімді құрылымы пайда болып, тапшылықсыз экономика қалыптасады: қоғамдық өндіріс негізінен қоғамдық сұранысқа сай болады. Бұл өркендеген нарық экономикасының басты жетістігі. Біздің еліміздегі мемлекеттік жоспарлау комитеті басқарған орталықтанған-жоспарлы экономика 70-жыл бойы қоғамның зарарсыз өсуін қамтамасыз ете алмады. Ал нарықтық қатынастарды дамыту-қоғамдық экономиканың шарықтап өркендеуіне жеткізетіні акиқат шындық. Кәсіпорынның қосымша капиталға мұқтаждігі көптеген жағдайларға байланысты. Олардың бастылары - негізгі корды құру және ескі қорларды жаңарту, айналыс құралдарын толықтыру. Бұл мұқтаждықтар нарық конъюнктурасына тікелей байланысты. Сонымен қатар конъюнктураның өзгеруі белгілі-бір уақыт арасында болып тұрады. Сондықтан кәсіпорын қажетгі қаражатты белгілі-бір уақытта, яғни нарық конъюнктурасының өздеріне қолайлы кезінде алғаны жөн. Қазақстан Республикасында әзір бүндай жағдай қалыптасқан жоқ. Себебі, банктік несие әрі қымбат, әрі шектелген, ал бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасу кезінде. Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар көмегімен қосымша капитал алу анағүрльш жеңіл. Сонымен бағалы қағаздар нарығы - экономикалық өрлеуді көп жағдайда қаржыландыратын ең оңай және ең қолайлы қаржы көзі. [5; 75б] Орталық банк бағалы қағаздарды сатып алған кезде коммерциялық банктердің минималды резервтер мөлшерін көбейтіп, клиенттермен активті қарыздық операцияларды жүргізу мүмкіндігі кеңейеді, яғни акшалардың қолма-қолсыз эмиссиясы үлкейеді. Орталық банк коммерциялық банктерге бағалы кағаздарды сатқан кезде олардың резервтегі қаражаттары азаяды, ал банктердің несиелік ресурстары қысқарады, нәтижесінде ақша массасы азаяды. Міне, сөйтіп Орталык банк ашық нарықта бағалы қағаздары бойынша операциялары арқылы айналыстағы акша массасының көлеміне, коммерциялық банктердіц резервтеріне, олардың несие қабілеттеріне әсер етеді. Ұлттық банк ашық нарықта бағалы қағаздармен операциялар жүргізу формасы бойынша: тікелей немесе қайтарымды болуы мүмкін. Тікелей операция коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды қалыпты түрде сату немесе сатып алу түрінде сипатталады. Қайтарымды операциясының мағынасы кемиді. Орталық банкпен бағалы кағаздарды сату немесе сатып алу операциясы орындалғаннан кейін, міндетті түрде алдын-ала белгіленген бағам бойынша орындалған операцияға кері операция жүргізілуі керек. Аукционды белгілі бір тәртіппен бір күнде жүргізеді, бұл Орталық банктің бағалы кағаздардың жаңа партиясын сатып алу күні мен алдында сатып алынған бағалы қағаздардың қайта сатылу күні сәйкес келуі үшін жасалады. Мұның бәрін Орталық банк айтылған операция арқылы коммерциялық банктердің иесиелік мүмкіидіктерін реттеу мақсатын-да жүргізеді. Егер Оргалық банк алдында сатып алған бағалы кағаздарын қайта сату көлемі жаңа партия көлемінен кем болса, банктердің несие ресурстарының мөлшері шектеледі және керісінше. [5; 77б] Ақша саясатының құралы ретінде Ұлттық банкіге ашық нарықта операцияларды пайдалануға бағалы қағаздардың жеткіліксіз «портфелі» жол бермейді. Мемлекеттік бағалы қағаздарды Ұлттық банкінің сату-сатып алу операциялары көбінесе екінші реттегі нарықты жандандыру мақсатында жүзеге асырылады. Егер, оның даму динамикасы бойынша қарасақ, мұндай жағдай негізінен мүмкін болады. Ақша массасын шұғыл түрде реттеудіц басты құралына ақша агрегаттары бойынша мақсатты бағдардан шығатын, көлемі белгіленген Ұлттық банкінің ноталарының эмиссиясы жатады. Қазіргі кездегі Қазақстандық құнды қағаздар рыногын былай сипаттауға болады: • көлемі үлкен емес және өтімділігі әлсіз; • макроэкономикалық мазмұнда рәсімделмеген, бюджет пен шаруашылықты қаржыландыру көздерінің қандай бөлігі құнды қағаздар, қандайы, мысалы, несие есебінен құрылатыны, қор рыногындағы күштердің арақатынасы қандай болатындығы, банктердің қаржы активтері және банктік емес инвестициялық институттардың үлесі қандай болатыны белгісіз Еліміздегі құнды қағаздар рыногының қазіргі жағдайына қарап, оны атақты рыноктардың бірде-біреуімен салыстыра алмаймыз. Дәл қазіргі жағдайда ол төмендегідей тетіктердің жоқтығынан зардап шегуде: • материалдық базаның, сауда технологиясының, реттеуші және ақпараттық инфрақұрылымның дамымауы, материалдық база құру үшін ірі инвестицияның қажеттілігінен; • мемлекетте құнды қағаздар рыногын құрудың ойластырылғын, ұзақ мерзімді саясаттың жоқтығынан; • құнды қағаздарға байланысты тәуекелділіктердің бәрінің тым жоғарылығынан; • құнды қағаздарды нақты активтермен салыстырғанда тиімсіз инвестиция жасайтын инфляцияның жоғары деңгейі мен келеңсіз пайыздан; • ірі банктердің қор рыногындағы өктемді саясатынан, соның нәтижесінде рынок қатысушылары сол баяғы ірі банктер бола беретіндігінен; • тиімді қаржы құралдарының жоқтығынан; • құнды қағаздардың инвестициялық сапасының төмендігінен; табысты компаниялардың рынокқа акцияларымен шығуға мүдделілік таныта қоймауынан. Осы аталған кемшіліктердің басты себептерінің бірін алдымен басқарудың тоқырауға ұшырау мен мемлекеттің экономиканы дамытуға ықпал жасауды жоғалтып алуынан іздеген жөн секілді. [6; 5б]
2.3. Ақша-несие саясатының инфляцияға әсері
Ақша аумағының кеңеюі мен оның құнсыздануы мен инфляцияның күш алуына кінәлілерді іздестіріп, Үкімет Ұлттық банкті, ол өз кезегінде коммерциялық банктерді жазғырып жатады. Шын мәнінде, мұндай жағдайдың орын алуын ең алдымен ақша ұсынысының шектен тыс көп болуынан іздестіру керек секілді. Жалпы, экономикада ақшаны екі арна арқылы ұсынады. Оның біреуі-мемлекет, екіншісі-коммерциялық банктер. Мемлекет атынан орталық банктің ақша ұсынуы, біріншіден, қолма-қол ақша эмиссиясы, екіншіден, коммерциялық банктер үшін басы артық ақша қорын құрып беру арқылы жүзеге асырылуда. Ал бұл процесс экономикадағы ақша массасының бірнеше есе еселенуіне қызмет жасайды. Нарықтық механизм жағдайында айналымдағы қолма-қол ақша сомасы, сонымен қатар коммерциялық банктер үшін жасалған жаңа резервтер экономиканың нақты секторы мен тұрғындар тарапынан болатын сұраныс арқылы айқындалуы тиіс. Басы артық резервтік ақша көлемінің ұлғаю процесіне қарсы орталық банк қанша жерден монополия болса да, ықпал жасай алмайды. Сәл де болса шектеу қоюы мүмкін. Одан арыға шамасы жетпейді. Басы артық ақшаның өсуіне несие экспансиясы процесінде коммерциялық банктердің жүргізіп отырған операцияларының көлемі, халықаралық резервтік активтердің динамикасы, мемлекеттік құнды қағаздар эмиссиясының өзгеруі және олармен жасалатын келісімшарттар сипаты қатты ықпал жасап отыр. Басы артық жаңа ақша қорының өсуіне ықпал жасайтын басқа да объективті факторлар мен монетарлық биліктің құзырлары жетіп артылады. Сонымен бірге нарық жағдайында ақша шығару бастамасы тек орталық банкке ғана тиесілі емес. Ақша шығару жолымен ақша ұсынуға коммерциялық банктердің де үлесі көп. Яғни олар несие және инвестиция операцияларын белсенді жүзеге асыра отырып, қосымша ақша жасайды. Соның нәтижесінде коммерциялық банктерде жаңа депозиттер пайда болып, жаңа ақша ағыны құйылады. Жаңа пайда болған ақшаларды несиеге беріп, ол ақша массасын ұлғайта береді. Сонымен қатар коммерциялық банктердің эмиссиялық функциясы екінші рынок арқылы тікелей немесе жанама қайта қаржыландыру тәртібі бойынша мемлекеттік құнды қағаздар түрінде берілетін орталық банктің басы артық резервтік ақша өсімімен шектелмейді. Яғни ашық та, жариялы экономика мен көп валюталы ақша жүйесінде коммерциялық банктердің орталық банк қамтамасыз ететін басы артық ақша резервтерінен де басқа, жаңа депозиттердің неше түрлі кең спектрлерін құруға мүмкіндіктері мол. Еліміздің банктеріне қазіргі жағдайда дәл осы сипат тән болып отыр. Ақша ресурстарын тарту үшін сыртқы және ішкі ақша рыноктарының көптеген сегменттерінің пайда болуы коммерциялық банктерді ҚР Ұлттық банктің резервтік жүйесіне мүлдем тәуелсіз болуына жол ашып отыр. Бұдан шығатын қорытынды - Қазақстанның коммерциялық банктерінде өздерінің несиелік экспансиясын қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде басы артық ақша резервтерінің болуын ҚР Ұлттық банкі қамтамасыз етіп отырған жоқ. Олар оны ішкі және сыртқы ақша рыногы арқылы тартып отыр. Осылай коммерциялық банктердің орталық резервтік ақшаның және ҚР Ұлттық банктің эмиссиялық бастамасының қатысуынсыз өз бетінше корпоративтік ақша жасай алу қабілеті ақша ұсынысы артуының негізгі факторы болып шыға келуде. [9; 4б] Коммерциялық банктерде жаңа депозиттердің құрылу процесі Ұлттық банктің резервтік ақшасы арқылы бақылауды әлсіретті. Сөйтіп, жалғыз эмиссиялық институт және ақша массасы айналымын реттейтін монетарлық орган болып есептеленетін Ұлттық банк қолындағы құзырын жүргізе алмай, пүшайман күйде қалды. Яғни қазіргі кезде резервтік ақша Ұлттық банктің белсенді ұстанымы арқылы айналымға шығып жатқан жоқ, керісінше, коммерциялық банктер Ұлттық банкті ақша резервтерімен қамтамасыз етіп жатыр. Эмиссиялық белсенділікті коммерциялық банктер қолына алып алған. Ақша шаруашылығын монополиясыздандыру процесі жүріп жатыр. Ақша ұсынуда мемлекет пен коммерциялық банктер арасындағы қатынас өзгеріп, екінші деңгейлі банктер ақшаны көбірек ұсына бастады. «Резервтік ақшалар» банк секторының өтімділігі мен коммерциялық банктердің ішкі және сыртқы несие-депозиттік экспансиясының дамуы соңынан пассивті түрде ілесіп отыру нәтижесінде, орталық банктің ақша ұсынуды реттеудегі дәстүрлі ынталандыру немесе шектеу құралдары әлсіреп қалды. Бұл жағдай Қазақстанда көптеген өтімділік коэффициенттерін жасауға және сол коэффициенттер мәнін жиі өзгертуге ұшыратты. Ақша ұсынысын реттеудің мұндай қалпы ақша-несие саясатын жүргізуді күрделендіре түсіп, оның құралдарын әлсіретеді. Мұндай жағдайда ақша-несие саясатының ақша массасын дәстүрлі құралдармен бақылауын жүзеге асыру қиындайды. [11; 65б] Практикада «резервтік ақшаны» ақша базасы деп атау қабылданған. Ақша базасы банк секторының депозиттік қондырмасының негізі секілді қызмет атқарады. Ол коммерциялық банктердің өтімділігін реттеудің негізгі тетігі болып табылады. Ақша базасы міндетті резервтік ақша және айналымдағы қолма-қол ақшадан тұрады. Оның осы аталған компоненттері банк секторы депозиттерін жартылай резервтік жабу жағдайында абсолютті түрде әр бағыттағы факторлармен басқарады. Мысалы, міндетті резервтік ақшаның көлемі Ұлттық банктің бекіткен мөлшерден, ал басы артық резервтік ақша коммерциялық банктердің клиенттерден түсетін қолма-қол ақша өтімділігі өз басқаруына қалауынша байланысты болады. Коммерциялық банктердің Ұлттық банктің резервтік ақшасынан тәуелсіз болуы, басы артық ақша резервін көбейтіп, Қазақстан банк секторындағы сыртан қарызға алынатын жаңа депозиттерге деген тәуелділікті көбейтіп отыр. Ақша базасын практикада кейде қуат ақшасы деп те атайды. Өйткені олар ақша жүйесі негізіне жатады. Қазіргі жартылай резервтік жабу жүйесінде Ұлттық банк тарапынан ақша ұсынысын толықтай бақылауға алу мүмкін емес. Олай істелетін болса, жағдай бұрынғыдан да қиындай түседі. Себебі коммерциялық банктер орталықтың қаржыландыруына тәуелді емес. Әрине, Ұлттық банктің резервтік ақшаны ұстаушы ретінде ақша ұсынуды бақылау мен депозиттерді 100 пайыз резервтік қамтамасыз ету жағдайында ақша экспансиясына абсолюттік вето қою мүмкіндігі болар еді. Бірақ өкінішке орай, айырбасталмайтын несие ақшалары жағдайында олай істеу мүмкін емес. Ақша базасы мен ақша ұсынысы арасындағы байланыс, яғни экономикадағы ақша массасының өзгеруі ақшалы мультипликаторға байланысты болады. ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты-айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нөтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс. [1; 283б] Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы-шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Теңгенің айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасындағы шекті қатынастьң бұзылуы ұлттық валютаньң тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті. Сарапшылар қазіргі кездегі ҚР банк секторы ТМД-да ең дұрысы деп айтады. Құрылымдық және тағы басқа жағы дұрыс болар, бірақ ол халыққа тиімді жұмыс істеп жатыр деп айта алмаймыз, өйткені тұтынушыларға ұсынып отырған несие пайызы тым жоғары, қызметтері үшін алатын ақша көлемі де көп. Қазіргі кезде біздің банк жүйесі керемет деген пікір қате. Өйткені, біріншіден, банк туралы қолданыстағы заңдар сын көтермейді. Екіншіден, бұл сала тек коммерциялық банктердің пайдасына қолайлы. Негізі, ҚР Ұлттық банк жүйесі еліміздің экономикасына тән, қолайлы болуы қажет. Ал бізде олай емес. Ал оны ел экономикасына тиімді ету үшін қазіргі қолданыстағы қаржы саласы туралы заңдарды қайта қарастырып,оны жетілдіру қажет. Ұлттық банктің ең үлкен мақсаты- ақша-несие саясатын дұрыс жолға қою. Біздегі ақша-несие саясаты осы мақсатқа сай деп айта алмаймыз. Мысалы, Ұлттық банк ақша-несие саясатын өздері әзірлейді, басқармаларымен мақұлдайды. Бірақ оны ешкімге бекіттірмей, қолданысқа еңгізеді. Ал бұл- ақылға онша қонбайтын нәрсе. Жалпы, ақша- несие саясаты дегеніміз- мемлекеттік саясат. Ал ол құқықтық мемлекетте биліктің тармақтары арқылы жасалады. Мәселен, бір жерде соғыс болып жатып, мемлекет оған бергісі келсе, ең алдымен, Парламент шешеді. Себебі ол- саясат. Ал белгілі бір құзырлы органдардың мемлекеттік саясатты өзіне тән етіп жасап алуы- дұрыс емес. Сондықтан банк секторындағы бірінші келеңсіздік- заңдардың сын көтермейтіндігі. Яғни ақша-несие саясатын Ұлттық банк жасау керек, басқармасында тексеріп мақұлдасын, бірақ оны бекітіп, өмірдің айналымына Парламент пен Президент еңгізуі керек. Сонда ғана жауапкершілік болады. Жылда өзгерістер болып жатады. Ал Ұлттық банктің ақша- несие саясатын алып қарасаңыз, соңғы өзгерістерде тек мүдделі топтарға ғана тиімді жасалған. Мысалы, аталмыш заңның 68-бабында «Қазақстан Ұлттық банктің қызметін жылда осы банк басқармасымен бекітілген тәуелсіз аудиторлық ұйым тексереді» деп көрсетіледі. Бұл- мәселен, біреудің компаниясын тексеру үшін солар ақша беріп шақыртқан адамдар тексереді деген сөз. Біздің елімізде Ұлттық банк тек президентке бағынады деп айтылады. Олай болатын болса, Президент әкімшілігінде арнайы аппарат әлдеқашан құрылуы керек еді. Сондай-ақ Ұлтық банктің ақша-несие саясатында жеті құрал атап көрсетіледі. Алайда шынайы өмірде банк мұның тең жартысын қолданып отырған жоқ. Мысалы, инфляцияны базардағы тауардың бағасымен салыстырып өсіп жатыр деп айтамыз. Мәселен, қызанақты алалық. Оның бағасы күнде көтеріліп барады. Ал оны арзандату үшін Ұлттық банк базарда қызанақтың көбейгенін қамтамасыз етуі қажет. Ол үшін екінші деңгейлі банктер арқылы отандық фермерлерге қаржыландыру функциясы бойынша арзан несие беруі тиіс. Сонда біріншіден, өзіміздің тауар шығарушыларды қолдаймыз, екіншіден, базарда бәсеке күшейіп баға түседі. Қазақстанда ақша көп, бірақ несие пайызы қымбат. Ұлттық банк несие пайызы неге қымбат екенін айтпайды. Ал оны білу үшін, ең алдымен, Ұлттық банк осы мәселеге талдау жасауы керек. Неге банктер қымбат несие беріп жатыр? Мүмкін олар соның есебінде өздерінің шығынын көбейтіп, жалақыларын көтеріп жатқан шығар. Мүмкін біреудің несиесін біреудің несиесімен жауып жатқан шығар. Оны зерттеу керек. Сондықтан қадағалау жұмысын белсенді түрде жүргізу керек. Бұл-бір. Сырттан алған қарызымыз 75 миллиард долларға жетіп жығылады. Ал елеміздің ішкі өнімі-78 миллиард доллар. Бұл- сұмдық нәрсе. Ғылымда «егер сыртқы қарыз жалпы ішкі өнім көлемінің 25 пайызынан асып кетсе, ол мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіреді» делінеді. Яғни мұндай жағдайда қарызға ақша беріп отырған сырттағыларға бір күнде тәуелді болып қаламыз. Ертең олар «барлық қарыздарымызды қайтарыңдар» десе не болады? Сондықтан қазір осы мәселеге байланысты шара қолданылып жатыр. Негізі, оны мемлекет 3-4 жыл бұрын қолға алуы керек еді. Ұлттық банкті коммерциялық банктерге заң бойынша несие пайызын белгілі бір деңгейден асырма деуге құқы бар. Оны ешкім істеп жатқан жоқ. Шетелден алынып жатқан қарыздар қайда кетіп жатыр? Тұтынушы несиеге ғана бағытталып жатыр. Сол секілді ақша-несие саясатына байланысты құқықық құжаттың 29-бабында «Қазақстанның Ұлттық банкі несие беруші ретінде соңғы инстанция болып табылады» делінеді. Ал бізде Ұлттық банк коммерциялық банктерге ештеңе бермейді. Оның орнына шетелдік банктер қарыз беріп жатыр. Бұл-мән беретін үлкен мәселе. Қазақстанда 33 банк бар, соның 31-і Алматыда орналасқан. Бұл-сұмдық нәрсе. Бізде аймақтық банктер мүлдем жоқ. Қазақстанда он жылдан асып кетті, жаңа бір банк ашылған жоқ. «Агрокорпорацияны» құрдық. Оны ашқан соң міндетті түрде банк керек. Барлық ауылшаруашылығына қатысты есептер осы банкте тіркелуі керек. Сонда бір жүйе болады. Ал жүйе болмаған жерде ақша кім көрінгеннің қолында талан-тараж болады. Ауылға несие-ақша жүйесін құру тиіс. Мәселен, ауылдағылардың басым бөлігі жұмыссыз. Оларда зейнетақы қоры жоқ. Ал олар ертең қартаймай ма? Сол кезде қайтеді? Оны кім ойлап жатыр? Сондықтан, ауылға өзінің банкін, зейнетақы қорын, сақтандыру қорын, жергілікті несие кооперацияларын құрып беру керек. Қазіргі жағдайда базарда отандық көлемді тауарлар жоқ. Бәрі шетелдікі. Ал банктің ролі сол, базардағы, дүкендегі тауарды шама келгенше отандық болғанын қамтамасыз ету. Заңда жазылған құралдарды қолданып, отандық тауар шығарушыларға көмектесу керек. Біздегі ақша-несие саясатының өзі әлі шикі. Он жылдан асып кетті ақша-несие саясаты өзгермей келе жатыр. Тек ақша көлемі ғана реттеледі. Ал өндіріспен байланыстырылып жұмыс істелмейді. Міне осының салдарынан республикада инфляция түспейді. Жылда инфляция 9-10 пайызды құрайды. Ондай инфляциямен халықтың тұрмысы көтеріледі деп айта алмаймыз. [8; 9б] Осы айтылғандарды түйіндей келе, мынадай қорытынды жасауға болады: 1. ҚР Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын реттеудегі ролі әлсірей бастады; 2. Банк секторындағы сырттан қарыз алу есебінен жаңа депозиттердің пайда болуы коммерциялық банктерді Ұлттық банк резервтеріне тәуелсіз ете бастады; 3. Көпвалюталы ақша жүйесінде ақша-несиенің дәстүрлі реттеу құралдары ақша ұсынысын реттеу бойынша индикативті мәнін жоғалтады. Бұл әсіресе ақша бірлігі халықаралық резервтік валюта функцииясын атқара алмайтын елдерге қатысты; 4. Инфляция көбіне ақшаға деген сұраныстан ақша ұсынысының басым болуына байланысты туындайды; 5. Ақша базасын құру бойынша эмиссиялық бастама коммерциялық банктерге қарай ойысуда. Жалпы, біздің банк жүйесі халықтан алға озып кетпеуі керек, артта да қалып қоймауы қажет, өзінің туған халқымен бірге болуы керек. Халықтың жағдайы да, табысы да, қиыншылығы да банк жүйесінің жағдайымен тең болуы тиіс. Сонда ғана біз қарқынды дамимыз. [9; 4б]
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазiргi таңда Қазақстанның ақша-несие аясы өзiнiң даму кезегiнде басқа уақыттарда сияқты оңай емес кездердi кешiп отыр. Өзiнiң даму сатысында Қазақстан Республикасының Орталық Банкi жоғарыда атап кеткен ақша-несие реттеудiң барлық құралдарын қолданады. Және де мұнда ең жақсысы Орталық Банктiң қолданатын негiзгi әдiстерi экономикалық болып табылуы. Ұлттық Банк Ұлттық валютаны енгiзген уақыттан әсiресе соңғы 3-4 жылда, тұрақты, экономикалық жағдайға сай ақша-несие саясатын жүргiздi. Сонымен қатар Ұлттық Банк өзiне жүктелетiн ақша-несие саясатының классикалық функцияларды орындап дүниежүзiндi қолданатын ақша-несие саясатының құралдарын жүзеге асырады. Ақша-несие саясаты мемлекеттiң экономикалық шаруашылығының дамуында беделдi сипатқа ие. Жаңа жағдайлардағы ақша-несие саясаты елдегi қаржылық аясының ядросы болып табылатын банктiк жүйенi тұрақтандыруды мақсат етедi және экономиканың негiзi көздерiн дамытуға қажеттi шараларды жүргiзедi. Бірақ қазіргі таңда біз ҚР ақша-несие саясаты жақсы дамып жатыр дей алмаймыз. Өйткені ақша-несие саясатын жүргізетін ұзақ мерзімді саясат жоқ, сонымен қатар ақша- несие саясатын жүзеге асыратын ең басты орган ҚР Ұлттық банкі қазіргі кезде бұл саясатқа шын мәнінде дұрыс көңіл бөлмейді. Бірақ жақын арада Ұлттық Банк жақын араларда келесi бағыттарда өз жұмысын күшейтуге тырысады: • банктiк жүйеге деген сенiмдiлiк деңгейiн күшейту; • депозиттердi ұжымдық сақтандыруы жүйесiнiң қалыптасуына бастау беру; • банктердi қадағалау жұмыстарын жүргiзу және бәсеңдету; •Үкiметпен бiрге банктiк қызметтiң спецификасын дәл меңгеретiн салықтық заңнаманы дамыту және бәсеңдету; • банктердiң арнайы аяларды несиелендiру жұмыстарын қолдау; Осы құралдар арқасында біздің еліміздегі ақша-несие саясаты дұрысталып, жақсаратынына сенімдімін.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Тілеужанова М.А. «Макроэкономика» оқу құралы. Алматы: Экономика,2008 ж. 2. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. «Макроэкономика» оқу құралы. Москва: Дело и сервис, 2004 ж. 3. Бункина М.К., Семенова В.А. «Макроэкономика» оқу құралы. Москва: ДИС,1997 ж. 4. Гальперин В.М. «Макроэкономика» оқу құралы. Санк-Петербург: ГУЭФ, 1997 ж. 5. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банк» оқу құралы. Алматы: Экономика, 2008 ж. 6. Көшенова Б.А. «Бағалы қағаздар нарығы» оқу құралы. Алматы: Экономика, 1999 ж. 7. Зиябеков Б. «Несие қаржы рыногы қарама-қайшылыққа толы». Айқынапта № 92 (788), 24.05.2007 ж. 8. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие» оқу құралы. Алматы: Қазақ Университеті, 2000ж. 9. Сатиева К. «Ұлттық банк ақша-несие саясатын түземейінше, инфляция құрықталмайды». Айқын 8.06.2007 ж. 10. Исаев І. «Инфляцияға тек Ұлттық банк кінәлі емес, әйтсе де оның ақша ұсынысын реттеудегі рөлі әлсіреп барады». Айқынапта №107 (803), 14.06.2007 ж. 11. Шаяхметова К.О., Тлеубай Н. «Несиелік бақылау». Вестник КазНУ, серия экономическая №2 (48) 2005ж. 12. Бралина А.Г. «Коммерциялық банктердегі проблемалық несиелерді басқару». Вестник КазНУ, серия экономическая №2 (48) 2005ж. 13. Статистический ежегодник 2007 ж.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024