2015 жылдың қаңтар айында Қазақстандағы құрылыс жұмыстары көлемі 61 млрд теңгені (ағымдағы бағам - 185,05/$1) құрады, бұл 2014 жылдың аналогты кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ға аз деп хабарлайды Экономика министрлігінің статистикалық комитеті.
Құрылыс-құрастыру жұмыстарының көлемі 2014 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 7,8%-ға азайып, 54,5 млрд теңгені құрады.
Күрделі жөндеуге қатысты құрылыс жұмыстары көлемі 2,7 есе, ағымдағы жөндеумен - 1,3 есеге өсті. Есептік кезеңде 2669 ғимарат пайдалануға берілді, оның 2526-сы тұрғын үй және 143-і тұрғын үйге арналмаған ғимарат. 2015 жылдың қаңтарында тұрғын үй құрылысына 30,9 млрд теңге бөлінді, бұл көрсеткіш алдыңғы жылдың аналогты кезеңімен салыстырғанда 1,9%-ға төмен.
Есептік кезеңде тұрғын үй құрылысының негізгі қаржы көзі - салыстырмалы салмағы 80,6%-ды құрайтын жекеменшік үй салушылар. Көп қабатты және қарапайым тұрғын үй құрылысының 1 шаршы метріне кеткен орташа шығын қаңтар айында 103,5 мың теңгеге шықты, ал дербес үй салушылар салған үйлердегі шығын– 59,8 мың теңге.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024