Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қаңтар айында Қазақстандағы құрылыс жұмыстары көлемі 2,5%-ға азайды

Қаңтар айында Қазақстандағы құрылыс жұмыстары көлемі 2,5%-ға азайды

2015 жылдың қаңтар айында Қазақстандағы құрылыс жұмыстары көлемі 61 млрд теңгені (ағымдағы бағам - 185,05/$1) құрады, бұл  2014 жылдың аналогты кезеңімен салыстырғанда  2,5%-ға аз деп хабарлайды Экономика министрлігінің статистикалық комитеті.

Құрылыс-құрастыру жұмыстарының көлемі 2014 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 7,8%-ға азайып, 54,5 млрд теңгені құрады.

Күрделі жөндеуге қатысты құрылыс жұмыстары көлемі  2,7 есе, ағымдағы жөндеумен - 1,3 есеге өсті. Есептік кезеңде 2669 ғимарат пайдалануға берілді, оның 2526-сы тұрғын үй және 143-і тұрғын үйге арналмаған ғимарат. 2015 жылдың қаңтарында тұрғын үй құрылысына 30,9 млрд теңге бөлінді, бұл көрсеткіш алдыңғы жылдың аналогты кезеңімен салыстырғанда  1,9%-ға төмен.

Есептік кезеңде тұрғын үй құрылысының негізгі қаржы көзі - салыстырмалы салмағы 80,6%-ды құрайтын жекеменшік үй салушылар. Көп қабатты және қарапайым тұрғын үй құрылысының 1 шаршы метріне кеткен орташа шығын қаңтар айында 103,5 мың теңгеге шықты, ал дербес үй салушылар салған үйлердегі шығын– 59,8 мың теңге.

Похожие материалы