Қазақстанның ақылы жолдарымен жүру үшін алынатын төлем қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға ауысуы мүмкін. Бұл туралы Астанада өткен брифингте "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ермек Қизатов хабарлады.
"Қазіргі кезде біз қызметкерлерімізге қолма-қол ақшаны жинауға тыйым салдық. Мен "ҚазАвтоЖол" қолма-қол ақшаны жинаумен айналысатындығын дұрыс емес деп есептеймін. Ақша қабылдағыштарының және ақылы терминалдардың жұмысы қазір жетілдіріліп жатыр. Біз қазір барлық ақша қабылдағыштарды жаңартып, оларды қазақстандық ақшаға бейімдегіміз келіп отыр. Қазір барлығын қолма-қол ақшасыз төлемге ауысқымыз келіп отыр - терминалдардың кассалары және трансфондерлер арқылы", - деп мәлімдеді ол.
Қазіргі кезде төлем төрт жолмен жүргізілуде - қолма-қол, банк картасы, борттық электронды құрылғылар және касса терминалдары.
Е.Қизатов ақпаратына сұйенсек, үкімет 2015 жылы ақылы жолдар үшін алынатын төлемдерден 1,129 млрд теңге көлеміндегі соманы жинауды жоспарлап отыр. Салыстыру үшін айта кетелік, 2013 және 2014 жылдардағы жиналған ақша сомасы - сәйкесінше 561 млн теңге және 1,065 млрд теңге.
Ақылы жолдарға іргелес елді мекендердің тұрғындары үшін 1 мың теңге көлеміндегі бір жылға арналған абоненттік төлем қарастырылған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024