Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz – Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарылуындағы кемшіліктерді жоюға уәде берді.
Орталық банк төрағасы: «БЖЗҚ-ның жұмысындағы олқылықтарды реттеп, ішкі бақылау мен ақшаны жарату жүйелерін барынша қатаңдатамыз. Бірақ ең маңызды мәселені шешу керек. Неге халық жинақтаушы зейнетақы қорына сенімсіздікпен қарайды?», - деп сұрақ тастады.
Ол зейнетақы активтерін басқару институттары мен инвестициялау моделін таңдаған әсер ететін бәсекелестік қағидаларын қалпына келтіру керек деп есептейтінін жеткізді.
«Қазір салымшыларда таңдау жоқ. Зейнетақы жинақтары бірден БЖЗҚ-ға бағытталады, олар не қаржыларын басқаратын ұйымды, не инвестициялық стратегиясын таңдай алмайды. Салымшылардың орнына барлық шешімді мемлекет қабылдап, барлық тәуекелді өз мойнына алады. Міне, сондықтан біз президенттің ұсынысымен зейнетақы активтерін жекеменшік я шетелдік компанияларға табыстау жобасын іске асырғалы жатырмыз», - деді ол.
Ұлттық банк төрағасы сөзін аяқтай келе өзін зейнетақы активтері нарығындағы бәсекелестік және салымшыға таңдау еркін беру идеясын жақтайтындардың қатарында екенін айтты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024