«Ақ жол» депутаттары КО елдерінен автокөлік әкелу мәселесіндегі былық үшін шенеушіктерді жауапқа тартуды ұсынды
«Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясының депутаттары қазақстандық мемлекеттік органдардың қызметін сынға алды. Мәжіліс депутаттары бұл органдарда соңғы кездері Кедендік одақ (КО) елдерінде сатып алынған автокөліктерді әкелу мәселесі жөнінде бірегей ұстаным жоқ деп есептейді.
Сәрсенбі күнгі палатаның толық мәжілісінде Нұрлан Жазылбеков премьер-министр Кәрім Мәсімовке партия атынан депутаттық сауалды жолдады.
Осылайша, оның айтуынша, 17 қаңтардағы баспасөздегі хабарламаларға сәйкес, инвестициялар және даму министрлігі қолданыста болған әкелінетін көлік құралдарын Еуро-4 нормаларына сәйкестікке сертификаттауды талап етеді. «Өйтпегенде олардың Қазақстанда есепке тұрғызылуы және пайдаланылуы мүмкін емес», - деп мәлімдеді ол.
Басқа жағынан, депутат 19 қаңтар күні ІІМ әкімшілік полициясының комитеті ЕАЭО елдерінде тіркелген автокөлік құралдарына қатысты сәйкестіктің расталуы талап етілмейтіндігін хабаралағандығын түсіндіре кетті. Көлік құралы сәйкестік сертификатысыз және шығарылу жылынан тәйуелсіз тіркеледі.
«Олар сонымен қатар Кеден одағы комиссиясының шешіміне сілтеме жасайды, ол шешім бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарына «Дөңгелекті автокөлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» КО техникалық реттемесі күшіне енді. Оған сәйкес, ұлттық техникалық реттемелер Кеден одағының техникалық реттемесінің реттеу нысанына қатысты қолданылмайды», - деді Н.Жазылбеков.
Өз кезегінде, инвестициялар және даму министрлігінде жол қозғалысы туралы заңға және тіркеу кезінде көлік құралының қауіпсіздігі туралы куәлікті ұсыну туралы талапты қарастыратын ІІМ бұйрығына сілтеме жасайды.
"Азаматтардың айтуынша, екі мемлекеттік органның шиеленісі жемқорлық жолдарының пайда болуына әкеліп соқтыруда, мұнда адамдарға $500 және одан артық төлем үшін сертификаттау мәселесін сырттай шешу ұсынылады ", - деп мәлімдеді ол.
«Ақ жол» фракциясының депутаттары инвестициялар және даму министрлігінің Қазақстанға Ресейден ескі немесе қауіпсіз емес автокөліктердің төмен қол бағамен әкеліну қаупімен толық келісе отыра, мемлекеттік ведомствалардың келісілмеген жұмыстарының салдарынан қатардағы азаматтардың шегіп жатқан зардаптарын атап өтті. «Сатылынып алынған және республикада пайдалану үшін жарамсыз болып қалған автокөліктердің саны ондаған мың, мыңдаған азаматтардың отбасылары ірі шығынға ұшырап отыр», - деді халық таңдаулысы.
Депутаттар жауапты мемлекеттік органдар қазақстандықтардың Ресейден жаппай көлік сатып алу науқаныан уақытында әрекет етпей, жаңамен қатар сапалық және физикалық тұрғыдан ескірген техниканың әкелуін қадағаламай және берілген бағытта уақытылы түсіндіру жұмыстарын жүргізбей, немқұрайдылық пен болжасыздыққа жол берді деп есептейді.
Бұған қоса, парламентарийлер министрліктер мен ведомстволарда бірыңғай ұстанымның болмауы, «өзің сондайсыңға» саятын көпшілік алдындағы пікірталастар халықты адастырып қана қоймай, қазіргі күрделі кезеңде үкімет қызметінің беделін түсіреді, мемлекеттік органдарығна деген сенімді әлсіретеді.
"Жоғарыда айтылғанның негізінде, орын алған жағдайды шешу және азаматтардың шеккен залалдарын қысқарту бойынша шараларды қабылдауды; және өздерінің салғырттығымен көптеген қазақстандық азаматтардың күрделі материалдық шығынан себептескен лауазымды тұлғаларды жауапқа тартуды; дағдарыс кезеңінде ұлттық экономика мен отандық өндірушілердің мүдделерінің қорғалуын қамтамассыз етуді маңызды мәселе деп есептейміз ", - деп қорытындылады Н.Жазылбеков.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024