Алматы. 19 мамыр. 7kun.kz - Қазақстандықтардың банкротқа ұшыраған Халықаралық Әзірбайжан банкіндегі зейнетақы жинақтары мемлекеттің кепілінде. Бұл туралы ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Хабар" телеарнасындағы "Открытый диалог" жобасында мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта тексеріс жүріп жатыр, мәселенің мән-жайы барлығына айтылады. Қазақстанда зейнетақы жинақтарының мемлекеттік кепілі бар, бұл жүйені ешкім алып тастаған жоқ. Сондықтан зейнетақыларын салған адамдардың барлығы ақшасын алатын болады. Мұнда еш күмән болмасын, ешкім уайымдамасын", - деді ведомство басшысы.
Дәурен Абаевтың айтуынша, инвестициялардың дұрыс немесе дұрыс еместігіне тек қажетті тексеріс баға бере алады.
"Тағы бір мәселе, бұл қаражаттар дұрыс салынды ма? Қазіргі уақытта осы жағдай ерекше бақылауда, қажетті тексеріс жүріп жатыр", - деді министр.
Бұған дейін Әзірбайжан БЖЗҚ-ның Халықаралық банкке салған ақшасын қайтарып беруге уәде берген еді. "Міндеттер қайта құрылған соң халықаралық банк таза табыспен жұмыс істейтін болады. Сондықтан енді банкте ешқандай проблема болмайды. Оларға алаңдаудың қажеті жоқ. Қазақстанда негізсіз шу шығып кетті", - деген болатын сарапшы Акрам Гасанов.
Сондай-ақ, сарапшы Рахым Ошақбев БЖЗҚ-ның инвестициялауына қатысты пікір білдірген еді. Оның айтуынша, БЖЗҚ активтерінің 71,3 миллиард теңгесі Әзірбайжанның халықаралық банкіне салынған. "Осылайша, зейнетақы активтерінің сақталуына қатысты үлкен қауіптер пайда болуы мүмкін", - деген еді сарапшы.
Дереккөз: Tengrinews.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024