Кәсіпкерлердің негізгі шағымдары өртке оранған сауда орталығының меншік иесі "Алматы XXІ век" ЖШС-не бағытталады. Аталған обьекті жәбірленушілер алдында өтемақы төлеуі қажет. Бұл туралы Алматыдағы баспасөз мәслихаты кезінде заңгер-маман, құқыққорғаушы Василий Резван мәлімдеді.
"Адем-1 сауда орталығындағы өрттен зардап шеккен кәсіпкерлер мен меншік иелері" қоғамдық бірлестігінің мүддесін қорғаушы заңгер В.Резванның сөзінше, кәсіпкерлер нақты кімнің атына шағым түсіру керектігін анықтады. Олар Адем-1 сауда үйінің меншік иесі "Алматы ХXІ век" ЖШС және оның иесі Ербол Тымбаев мырза жауап беруі керек деп есептейді. "Алматы XXІ век" ЖШС ғимаратын сатып алу кезінде Ratel.kz порталында орталықтың техникалық талаптарға сай екендігі туралы мәлімет жарияланады. Яғни өрттің шығуына "Алматы XXІ век" кәсіпорны ғимаратты сатып алып, пайдаланған кезіндегі жағдайлар себеп болған. "2012 жылы "Алматы XXІ век" ЖШС ауданаралық сот арқылы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылған. Заңды тұлға да, лауазымды тұлғаға да айыппұл салынады. Бірақ 2014 жылы лауазымды тұлға ауысып кетеді. 1 жыл өткеніне қарамастан, өрт қауіпсіздігіндегі кемшіліктердің жойылмағандығын көрсетеді. Бізде бар құжаттар бойынша, сауда орталығындағы өртке жобалаушы мекеме де, құрылысын жүргізген мекеме және Адем-1 сауда үйін қадағалауы қажетті өрт қауіпсіздігі органдары да жауапқа тартылуы қажет. Шағын және орта бизнеске салынған мораторийге өрт қауіпсіздігін қадағалау туралы талаптар бағынбауы қажет. Себебі "XXІ век" ЖШС шағын бизнес обьектісі ретінде саналмайды", - деп мәлімдеді В.Резван. Оның айтуынша "Алматы XXІ век" ЖШС сауда орталығының негізгі құрылтайшысы болып табылады. Е.Тымбаев мырза 70 млн теңге түрінде капитал салған. Өрт болғаннан кейін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы бірнеше мәлімдеме жасады: өрт сөндіру құралдары жұмыс істемеген, өрт сөндіру дабылдары жұмыс істемеген, жарылған газ баллондарының қалдықтары сақталған." Аталған мәлімдемелердің ешқайсысы кейінірек жоққа шығарылған жоқ", - дейді құқық қорғаушы. Заңгердің мәлімдеуінше, әрбір кәсіпкерге форс-мажор туралы ескертпелер таратылған. Бірақ, мұндай ескертпелерді тек сот, құзырлы органдар немесе республика аумағындағы жеке сауда палатасы ғана тарата алады. Жекеменшік, коммерциялық орындардың мұндай ескертпелерді таратуға құқығы жоқ."Біздің пікірімізше, Тымбаев мырза бұл құжаттарды материалдық жауапкершіліктен жалтару үшін таратқан. ҚР Азаматтық кодексінде жазылғандай, Адем-1 тәрізді қауіптілігі жоғары кешеннің иесі жауапкершілікке ие. Бұл міндеттеме тергеудің кінәлілерді анықтамағандығына да бағынбайды. Яғни, жауапты тұлғалардың қатарында "Алматы XXІ век" ЖШС бірінші қатарда тұр", - дейді В.Резван. 1 ай ішіндегі Тымбаевқа осы форс-мажор туралы хат жіберіледі. Бірақ оның тарапынан ешқандай жауап келмеді. Кәсіпкерлер мен меншік иелері тарапынан қылмыстық процес негізінде шағым түсіруге құқығы бар. Қазір барлық құжаттар дайындалып жатыр. Сақтандыру компанияларының мәлімдемесі бойынша, Адем-1 сауда үйі 5,8 млрд теңгеге сақтандырылған. Және сақтандыру жүйесінің Грекия, Еуропа арқылы жүзеге асырылғандығы да күдік туғызып отыр. "Біз Азаматтық кодексте жазылғандай, өрт шығыны үшін жауап беруі қажетті обьектіден жауап алғымыз келеді. Е.Тынымбаев мырзадан барлық сұрақтарымызға толық жауап бергендігін қалаймыз", - деді Адем-1 сауда орталығындағы өрттен зардап шеккен кәсіпкерлер мен меншік иелері" қоғамдық бірлестігінің мүддесін қорғаушы заңгер В.Резван. Тергеу матералдарымен танысқанннан кейін, өзге де тұлғалар азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024