Ұлттық қор тарапынан бөлінген қосымша 20 млрд теңгенің 7 млрд теңгесі агроөндіріс кешеніндегі субьектілерді сауықтандыру бағдарламасын іске асыру үшін жұмсалады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков хабарлады.
"Қосымша 20 млрд теңге бөлінбек, оның 7 млрд теңгесі сауықтандыру бағдарламасына бағытталады. Сауықтандыру бағдарламасы 300 млрд теңгеден 500 млрд теңгеге дейін кеңейтілмек. Қалған 13 млрд теңге мал шаруашылығын қолдау бағдарламасы үшін бөлінеді. Бұл - құс фабрикасы, сүт тауарлары мен ет фермасын субсидиялау шығындары", - деп мәлімдеді министр.
Ведомстваның мәліметінше, лизингті несиелердің сыйақы бәсін қайтару үшін 1,5 млрд теңге қарастырылған, осы арқылы бұл салаға 60 млрд теңге жеке инвестиция тартуға мүмкіндік бар.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024