Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Агроөндіріс кешені үшін 7 млрд теңге бөлінеді

Агроөндіріс кешені үшін 7 млрд теңге бөлінеді

Ұлттық қор тарапынан бөлінген қосымша 20 млрд теңгенің 7 млрд теңгесі агроөндіріс кешеніндегі субьектілерді сауықтандыру бағдарламасын іске асыру үшін жұмсалады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков хабарлады.

"Қосымша 20 млрд теңге бөлінбек, оның  7 млрд теңгесі сауықтандыру бағдарламасына бағытталады. Сауықтандыру бағдарламасы 300 млрд теңгеден 500 млрд теңгеге дейін кеңейтілмек. Қалған 13 млрд теңге мал шаруашылығын қолдау бағдарламасы үшін бөлінеді. Бұл - құс фабрикасы, сүт тауарлары мен ет фермасын субсидиялау шығындары", - деп мәлімдеді министр.

Ведомстваның мәліметінше, лизингті несиелердің сыйақы бәсін қайтару үшін 1,5 млрд теңге қарастырылған, осы арқылы бұл салаға 60 млрд теңге жеке инвестиция тартуға мүмкіндік бар.

Похожие материалы