Экономика
Ахметжан Есімов "Астана ЭКСПО-2017 ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
Ахметжан Есімов "АСТАНА ЭКСПО-2017 ҰК" АҚ басқарма төрағасы етіп бекітілді деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі Twitter-дегі ресми парақшасында.
"Президент А.Есімовты "АСТАНА ЭКСПО-2017 ҰК" АҚ басқарма төрағасы етіп тағайындады", - делінген хабарламада. Ахметжан Есимов 2008 жылдың сәуір айынан бері Алматы қаласының әкімі қызметінде болған еді. 2001-2006 жылдары аралығында ауыл шаруашылық министрі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болды. 2006 жылдың қаңтарында қайтадан Ауыл шаруашылық министрі қызметіне келді. Министр болғанға дейін Қазақстанның Бельгия, Нидерланд, Люксембургтегі төтенше әрі уәкілетті елшісі болды. 1998 жылы Президент әкімшілігін жарты жыл басқарған. 1996 жылы мемлекеттік хатшы, 1997 жылы Премьер-Министр болған. Естеріңізге сала кетсек, ОҚО бұрынғы әкімі Асқар Мырзахметов "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындалған еді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024