Алматы. 27 сәуір. 7kun.kz - «ҚазМұнайГаз» жанармай бекеттерінде 20 сәуірден бастап АИ-92 маркалы бензинінің бағасы литріне 142 теңгеге дейін төмендеді. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС Жұртшылықпен байланыс және жарнама жөніндегі қызметі хабарлады.
«Аталған бағаны төмендету бірнеше өзара байланысты факторлармен негізделген. Теңгенiң долларға қатысты бағамы күшеюінің жалғасқан үрдісі Ресей Федерациясынан әкелген отын импортының арзандауына ықпал етті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы АИ-92 қорының деңгейі нарықта көтерме бағаның тұрақтануына мүмкіндік берді», - деп жазылған хабарламада.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024