Астана. 26 қазан. 7kun.kz – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айбек Паяевтың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Өкілеттілігіні тоқтату туралы өтінішті Айбек Паяевтың өзі берген.
«Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Конституциясының 52-бабына, Конституциялық заңның 24-бабының 3 және 8-тармақтарына сәйкес және өтініш негізінде Мәжіліс депутаты Айбек Минаимбекұлы Паяевтің өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізеді», – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.
Депутаттар ұсынысты қолдап, тиісті қаулыны қабылдады.
Айта кетейік, Айбек Паяев 2021 жылдың қаңтарынан бастап VІІ шақырылымның Мәжіліс депутаты болып сайланған еді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024