Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінің көпшілігінде доллар 309 теңгеден сатылып жатыр. Сатып алу - 307 теңге. Бұл туралы kurs.kz сайтында жазылды. Ал кейбірі 310 теңгеден сатуда.
"MIRVAN LTD" айырбастау пункті: "РВ" №1 айырбастау пункті:«АРСЕНАЛ - EXCHANGE» айырбастау пункті:Бұдан бұрын Ұлттық банк резервтерін сақтау үшін ішкі валюта нарығына қатысуын азайтатын туралы хабарлаған еді.
«2015 жылдың қыркүйегі мен қазанында Ұлттық банк 20 тамызда жарияланған теңге курсының еркін айналымына өту деген бағыттан бұрылып, валюта нарығында валюта сатуды бастады. Ұлттық банктың саудаға қатысу үлесі 60 пайызға жетті. Ұлттық қор мен банктың алтын-валюталық активтері арқылы 5 млрд доллар сатылды. Енді алтын-валюталы активтерді сақтау мақсатында Ұлттық банк пен Ұлттық қор 2015 жылдың 5 қарашасынан бастап валюта нарығындағы қатысуын барынша азайту деген шешім қабылдады», — деп атап өтеді еліміздің басты қаржы институты.