Алдын ала ақпарат: 443 мың азаматтың несиесін мемлекет пен банк жауып береді
Алматы. 27 маусым. 7kun.kz – Алдын ала беріліп отырған ақпаратқа сәйкес, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы азаматтарының қарыз жүктемесін азайту туралы» Жарлығына сәйкес, 443 мың қазақстандықтың несиесі кешіріледі, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жаңа Жарлыққа сай, несие борышы өтелетін халықтың санатын айттық. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасы бойынша Қазақстанда жоғарыда аталған санат бойынша (көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жалғыз асыраушысынан айрылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар) 933 мың азамат бар. Олардың толық мәліметтері тіркелген. Сондықтан, екінші деңгейлі банктермен кездесу кезінде кімнің несие алғанын немесе алмағанын анықтаймыз. Әлбетте, 933 мың азаматтың бәрі де несие алған жоқ. Алдын ала ақпарат бойынша, мұндай азаматтардың саны 443 мың болып отыр», - деді Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында.
Айта кетсек, кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы азаматтарының қарыз жүктемесін азайту туралы» Жарлыққа қол қойған болатын.
Еліміздегі әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы азаматтар - көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жалғыз асыраушысынан айрылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар және жетім балалар түрлі себептермен қиын жағдайға тап болып, өз аттарына алған несиелік міндеттемелерін орындай алмай отыр.
Тікелей және атаулы қаржылай көмек ретінде жоғарыда аталған санаттағы азаматтар үшін мемлекет екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржы ұйымдарынан алынған жалпы мөлшері 300 мың теңгеге дейін негізгі несиені және оған есептелген сыйақыны өтейді.
Тэги:
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024