Әлемнің түрлі зерттеу компаниялары жыл сайын жаңа жыл қарсаңында аталмыш мерекеге жұмсалатын ақша шығынын есептептеуді дәстүрге айналдырған. Есептеудегі басты мақсат - келер күнге болжам жасау. Егер тұрғындардың шығындары азайған болса, демек олар ертеңіне аса сенімді емес дегенді білдіреді.
IRG маркетингтік агенттіктің мәліметінше, 2015 жылы Ресей халқының 37 пайызы жаңа жылдық шығынды үнемдемеу керек деген пікір ұстанады. 40 пайызы, керісінше, мереке қарсаңында алынатын сыйлықтарға жұмсалар қаражат көлемін азайтпақ ниетте. Ал, қалған 35 пайыз ресейліктер мерекелік дастарханды жыл сайынғыдан жұтаңырақ етуді қош көредіү
Ресейге қатысты Deloitte зерттеу компаниясының көрсеткіштері де IRG-мен шамалас. Сондай-ақ, аталған компанияның айтуынша, еуропа халықтарында бұл көрсеткіштер керісінше өсуі мүмкін. Мәселен, Дания, Ұлыбритания, Франция және Германия елдерінде сыйлыққа, тамаққа және ойын-сауыққа кетер қаржының көлемі біршама артады.
IRG маркетингтік агенттіктің мәліметінше, ресейліктер жаңа жылға 15-17 мың рубль жұмсайды. Сыйлыққа 6 560 рубль жұмсаса, азық-түлікке орташа есеппен 5000 рубль жұмсамақ. Ал ойын-сауыққа кетер ақшаның көлемі де 5 000 рубль шамасында.
Грекия
Deloitte ұсынған зерттеу қорытындысы бойынша, гректер Рождество мейрамына 402 евро жұмсайды. Шамамен соның 180 еуросы сыйлыққа, дәл сондайы мерекелік дастарханға, ал ойын-сауыққа 50 еуро ғана қарастырылған.
Португалия
Португал халқы жаңа жылға орта есеппен 315 еуро жұмсамақшы. Оның 270 еуросы азық-түлік пен сыйлаққа жұмсалса, қалған 40 еуросы ойын-сауыққа жұмсалады деп жоспарланған.
Италия
Италия мемлекетінің халқы дәстүрлі Рождестволарына португалдықтардың шығынындай қаржы жұмсайды. Екі ел арасындағы ақша шығыны тең болғанымен, италяндықтар қаржысының көп бөлігін ойын-сауыққа жұмсайды. Ал, тамақ пен сыйлық шығыны 130 еуродан арналмақ.
Дания
Дания халқы биылғы Рождестволарына өткен жылмен салыстырғанда 5,2 пайыз артық, яғни 617 еуро жұмсайды. Даниялықтың қалтасынан сыйлыққа 350 еуро кетсе, 210 еуросы азық-түлікке, ал қалғаны отбасы және достарымен қыдыруға кетеді.
Ұлыбритания
Британдықтар Рождество мерекесіне орташа есеппен алғанда, 884 еуро шығындайды. Оның шамамен 620 еуросы сыйлыққа кетсе, қалған 264 еуро азық-түлікке жұмсалады. Ал ойын-сауыққа ақша жұмсағанды жөн көрмейді, себебі ол күнгі демалыстарын отбасы және достарымен үйлерінде өткізген дұрыс деп есептейді.
Француздар 270 еуроға сыйлық алса, 297 еуроға азық-түлік, 60 еуроны кино не мейрамханаға жұмсайды. Жалпы алғанда, француздар Рождествоға 577 еуро шығындауға дайын.
Немістер Рождестволық шығынының басым көпшілігін сыйлыққа жұмсайды. 423 еуроның 223-і сыйлыққа кетеді. 150-160 еуро азық-түлікке, ал ойын-сауыққа 40-50 еуро қарастырылған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024