Алматы. 1 шілде. 7kun.kz - Алматыдағы "Альфа банк" бөлімшесін тонады деген күдікпен екі адам ұсталды. Олар банктің экс-қызметкері мен қазіргі қызметкері. Бұл туралы ҚР ІІМ өкілдері хабарлады.
ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың айтуынша, ер адамдардың бірі банк қоймасына кіріп кеткен.
"Алматыда 27 маусымда банктердің бірінің бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды. Белгісіз біреу банк қоймасының кілтін алып, тапаншаға ұқсас затпен адамдарды қорқытқан. Осылайша, 65 миллион 300 мың теңге тонап кетті. Жедел-іздестіру шаралары барысында осы қаржы мекемесінің бұрынғы және қазіргі қызметкері ұсталды. Банкте қазіргі уақытта жұмыс істеп жүрген ер адам оның сыбайласы болған", -деді Алмас Сәдубаев.
Ұсталғандардан пневматикалық қару, электрондық өткізу картасы мен ұрланған каражат толық көлемде тәркіленген. Алматы қалалық ІІД өкілдері банк бөлімшесінен шамамен 65 миллион теңге тоналғанын айтқан болатын.
Бұған дейін прокуратура Алматыдағы "Альфа банк" бөлімшесінің тоналғанын растаған болатын. "Альфа Банк" ресми түрде зардап шегіп отыр. Тонау дерегін аудандық прокуратура өз бақылауына алды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деген болатын Бостандық ауданының прокуратура өкілдері.
Еске салсақ, 28 маусымда Алматы қалалық ІІД өкілдері екінші деңгейдегі банктердің бірі тоналғаны туралы мәліметті ресми түрде растаған болатын. Тонау дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы ("Тонау") бойынша іс қозғалды.
Дереккөз: tengrinews.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024