Елорда күніне орай AliExpress платформасы сатып алушылардың талғамын зерттеп, Нұр-Сұлтанның орташа есептегі тұрғынының портретін жасады. Онда елорда тұрғындары не киюді, немен айналысуды және бос уақытын қалай өткізуді қалайтынын сатып алу статистикасы арқылы көрсеткен.
Нұр-Сұлтанда адамдар қалай киінеді?
Киім жағынан елорданың ерлері минималистік кэжуалды құп көреді.
Киімдер арасынан ең танымалдары трендтегі біркелкі жарқын түсті футболкалар, сонымен қатар джоггер-шалбарлар болып шықты. Ал елорданың ауа-райы күрт өзгеріп кететін болса, астаналықтар өз образдарын стильді бомберлермен толықтырады.
Нұр-Сұлтан ерлерінің сүйікті аяқ киім моделі – жарқын түсті жеңіл кроссовкалар.
Елорданың арулары әлемдік сәнге ере отырып, К-рор стиліндегі киімдерге басымдық береді: плиссе мини-белдемшелер, кроп-топтар, харадзюку-шалбар және кең өлшемді футболкалар.
Нұр-Сұлтандық сәнқойлар арасында күнделікті нәзік классикалық стиль де кең танымал: миди-көйлектер, кең жеңді сарафандар, нәзік комбинация-көйлектер және бойфренд стиліндегі жакеттер.
Аяқкиім таңдағанда елорданың қыздары ыңғайлы түрлеріне қарайды: слипондар, кроссовкалар және тақасыз сандали астаналық арулардың тапсырыстарында көш бастап тұр.
Немен айналысады?
Нұр-Сұлтан – бизнес-жобалардың, тез дамып жатқан технологиялардың қаласы, онда гаджеттердің, өмірді жеңілдетуге арналған кеңселік техникалар мен түрлі девайстардың сатылымы бүкіл ел бойынша алдыңғы орында тұр.
Электроника мен гаджеттерге деген сұраныс ағымдағы жылы астаналықтар арасында өткен жылмен салыстырғанда 2,6 есеге өскен.
Денсаулықты қалай күтеді?
Елордалық қолданушылар денсаулық мәселесімен белсенді айналысып, ағзаның негізгі көрсеткіштерін өлшеуге арналған смарт-сағаттарды, автоматты тонометрлерді, бөлмедегі ылғалдылық пен темпераураны өлшеуге арналған термометрлерді, арқаны тік ұстауға арналған бандаждарды, массажға арналған кілемшелер, мойын-жаға тұсының массажына арналған электронды массажер, бет пен дене массажына арналған гуаша тастарының жинағын және т.б. жиірек сатып алып жүр.
2021 жылы денсаулыққа арналған тауарлар сатылымы елордада 1,3 есеге артқан.
Қандай спортты ұнатады?
Елорда тұрғындары велоспортқа, гольф, тауға өрмелеу, бильярд пен балық аулауға, сонымен қатар спорт тауарлары мен құралдарды салатын сөмкелерді белсенді түрде сатып алған. Спорт тауарларына деген жалпы сұраныс ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан қаласында 1,5 есеге артқан.
Қалай көңіл көтереді?
Әрине, елоралық тұрғындардың өмірі сауықсыз өтпейді: геймпадтар, ТВ-бокстар, алыстан басқарылатын дрондар, попиттер мен симпл-димпл секілді танымал антистресс-ойыншықтар, паззлдар, нөмір бойынша бояйтын суреттер және сабын қайнатуға арналған жинақтар және т.б. хобби мен көңіл көтеруге арналған тауарлар астаналық тұрғындар арасында көш бастап тұр.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024