Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыға Жан-Клод Ван Дамм келеді

Алматыға Жан-Клод Ван Дамм келеді
Қараша айында Алматыға америкалық әйгілі актер, режиссер Жан Клод Ван Дамм келеді. Ол Global Business Forum – 2015-ке қатысып, өзінің табысқа қалай жеткені туралы тәжірибесімен бөліспек. Еске сала кетейік, Global Business Forum – 2015 шарасы қараша айының  13-14 күндері Алматыда өтеді. Орталық Азия мен Қазақстан аумағында өтетін ауқымды конференцияға әйгілі актермен қатар ForbesWoman журналының негізін салушы, тележүргізуші Мойра Форбс, «Ferrari» компаниясының бас директоры Жан Луиджи Лонджинотти Буитони, СММ мен интернет маркетинг саласы бойынша танымал сарапшы Мирослав Запорожанов т.б қатысады. Олар екі күндік шара барысында кәсіпкерлікті дамыту, маркетинг, инновация салаларындағы тәжірибелерімен бөліспек. Әлемдік бизнес титандары бас қосатын бизнес шараны  Асел Садықова ұйымдастырады. Шара туралы толығырақ gbforum.kz сайтынан оқи аласыздар.

Похожие материалы