Алматы. 11 шілде. 7kun.kz — Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болып Талғат Сәрсенбаев тағайындалды.
Талғат Сәрсенбаев 1966 жылы туған. 1987 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 2015 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы бастаған.
Әр жылдары құқық қорғау органдарында, жоғары оқу орындарында, ҚР Президенті Әкімшілігінде, Ресей Федерациясындағы ҚР елшілігінің кеңесшісі, ҚР Парламенті Сенаты аппаратының басшысы, "Самұрық-Қазына"АҚ-да түрлі позицияларда қызмет атқарды. Соңғы үш жылда ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - ҚР Үкіметінің ҚР Парламентіндегі өкілі болып жұмыс істеді.
Заң ғылымдарының докторы, профессор. ҚР-ның Құрмет грамотасымен және "Құрмет" орденімен марапатталған.
Бұған дейін осы қызметті атқарған Жігер Қалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024