Алматы. 19 тамыз. 7kun.kz – Алматы қаласы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ерлан Қожағапанов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Ерлан Қожағапанов 1968 жылы туған. 1992 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірді. 1999 жылы - Алматы мемлекеттік университеті «Қаржы» мамандығы бойынша. 2006 жылы РФ Мемлекеттік кеден комитетінің Ресей кеден академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірді. 1987-1989 жылдары КСРО Қарулы Күштерінде қызмет етті.
1990 жылдан 1994 жылға дейін - кәсіпкерлікпен айналысқан.
1994 жылдан 2007 жылға дейін - мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеді.
2007 жылдан 2013 жылға дейін - Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2013 жылдан бастап 2016 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы және Қазақстан Республикасы футбол федерациясының президенті.
2016 жылдан 2017 жылға дейін - Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі.
2017 жылдан бастап - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінде болған.Барлық құқықтар сақталған.
Өз кезегінде бұл қызметті бұрын атқарған Ерлан Әукенов өз еркімен жұмыстан кетті.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024