Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы қаласында LUXE EXPO 2015 салтанат көрмесі өтеді

Алматы қаласында LUXE EXPO 2015 салтанат көрмесі өтеді

15 мамыр күні Алматы қаласының The Ritz-Carlton қонақ үйінде luxury-өнеркәсібінің соңғы жаңалықтарымен танысуға мүмкіндік беретін LUXE EXPO 2015 көрмесі өтеді. Көрме қонақтары атақты сағат мануфактураларын, автокөлік салондарын және зергерлік брендтерді тамашалай алады.

77c01da1f2f797e61df41acd076c95d3-small

Көрме хедлайнері -  Ja Rule.

Өткен жылы Орталық Азияда алғаш рет өткен LUXE EXPO 2014 салтанат көрмесі ойдағыдай өткеннен соң, First Media Group ұйымдастырушылары мен өзге де серіктестер бұл шараны дәстүрге айналдырған жөн деп шешті.

eeed68c7de986939672f997bad52582b-small

Rolls Royce – люкс класының автокөліктерін шығаратын британдық өндіруші. Rolls Royce Wraith – Phantom-ның ізін жалғап келе жатыр. Wraith-тың есіктері экипаждағыдай алға қарай ашылады. Жаңа Wraith атақты Rolls-Royce радиаторы торының жетілген түрімен жабдықталған.  

Көрмеге 1000-нан астам VIP-қонақтар шақырылған. Олардың ішінде көптеген жұлдыздар, салтанат әлеміне қызығушылар мен тұтынушылар және медиатұлғалар қатысады. da95ae8584217769a1c1799da99c5c0e-small

Samsung Electronics қатысушыларға Samsung SUHD TV, Galaxy S6 және Galaxy S6 edge таныстырылымдарын өткізетін болады.

Көрме аясында әйгілі француз журналының қазақстандық L’Officiel Kazakhstan атты люкс класты нұсқасының тұсаукесері өтеді.

957905b9634415fd1beb7fe40b631069-small

Bentley Motors – әлемдегі ең әйгілі автокөлік брендтерінің бірі. Bentley Almaty көрмеде Bentley Mulsanne Speed автокөлігін таныстыратын болады. 

Сонымен бірге, көрме бағдарламасында қайырымдылық аукционы да бар. 6 номинацияда LUXE EXPO-2015  жүлделері табыс етіліп, серіктестер атынан естелік сыйлықтар беріледі.

Похожие материалы