Познавательный
Алматы қаласындағы заңсыз такси жүргізушілеріне айыппұл салынатын болады
Алматы қаласында полиция қызметкерлері заңсыз такси жүргізушілерінің барлығына айыппұл салмақ. Айыппұл көлемі - 15 АЕК (29 730 теңге немесе 159,6 доллар) деп хабарлайды Almaty.tv.
Тәртіп сақшылары бірінші рет тоқтатқан уақытта ескерту жасалатынын айтып отыр. Кейін автокөліктері талапқа сай келмейтін барлық такси жүргізушілеріне айыппұл салынады. Талаптары: дойбы сызығының болуы, "Т" деген жазуы бар жарық табло және тарифтік есептеуіштің болуы міндетті. Осындай тексерістер нәтижесінде қазынагерлер Алматы әуежайының маңайын заңсыз жүргізушілерден тазартқан. Құқық қорғаушы органдардың мәліметтеріне сүйенсек, Алматыға күніне 200 мыңнан астам автокөлік келеді. "Негізгі бөлігі оңтүстік аймақтардан, Жамбыл облысы, ОҚО: Оқу мезгілінде мынадай жайт байқалады: аймақтардан Алматыға дүйсенбі келіп, жұмаға дейін жұмыс жасайды. Сенбі, жексенбі үйлеріне қайтады. Өткен аптада тіпті шығыс аймақтардан да келген. Яғни, 1200 шақырым жердің өзінен келіп, заңсыз жеке тасымал айналысып жүргендер бар", - дейді Алматы әкімшілік полиция басқармасының жетекшісі Нұрлан Алмасбеков.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024