Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы ашытқы зауыты қызметкерлерін мәжбүрлі демалысқа жіберіп жатыр

Алматы ашытқы зауыты қызметкерлерін мәжбүрлі демалысқа жіберіп жатыр

Қазақстандағы ашытқы өндіруші жалғыз кәсіпорын Алматы ашытқы зауыты қиын жағдайға тап болды. Ресейлік рубльдің құнсыздануынан кейін зауыт бәсекеге қабілеттілігінен айырылды. Бұл туралы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәлімейді деп жазады LS.

"Еуразиялық экономикалық одаққа енгеннен кейін рубль курсінің балансы бұзылды, Ол тым арзандап, ресейлік өндірушілер қазақстандық кәсіпкерлердің алдында артықшылыққа ие болды. Бұл тек ашытқыға ғана қатысты емес. Шекаралас аудандар нан сатып алу үшін Ресейге де барады. Қазақстандық тауарлар бәсекеге қабілеттілігінен айырылды", - деп атап өтті компания президенті Владимир Егуткин. Оның сөзінше, өткен жылдан бастап зауыттаға жұмыс көлемі 40 пайызға азайған. Өндіріс пен ұжымды сақтап қалу үшін кәсіпорын еңбек ұжымының 20 пайызын мәжбүрлі демалысқа жіберді. Өзге қызметкерлер қысқартылған жұмыс аптасына көшіп, жалақы мен әлеуметтік жарналар төмендеді. Дағдарысқа дейін зауытта 120 адам жұмыс істеген еді. "Егер рубльдің мәселесі болмағанда, біз осыған дейін алған несиемізді де төлеп бітірер едік. 3 жыл бұрын осындай болады деп кім айта алар еді? Қазір бізге несиені қайтару қиын, қаржы жетіспей жатыр. Қарыз ақша да 2 есе қымбаттап кетті", - дейді В.Егуткин. Компания президентінің сөзінше, отандық өндірісті сақтап қалу үшін қолдау шарасы ретінде коммуналды қызметтің тарифтеріне субсидия бөлу қажет. "Біздің кәсіпорнымызда өте жоғары тарифтер бар. Жыл басынан бері олар тіпті өсе түсті", - де қорытындылады кәсіпорын басшысы.

Похожие материалы