Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы әкімінің атынан жалған аккаунттар ашылған

Алматы әкімінің атынан жалған аккаунттар ашылған

Алматы әкімі Бауыржан Бәйбектің атынан Instagram әлеуметтік желісінде bauirzhan_baibek деген жалған аккаунт пайда болған деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, желіде әкімнің әнші Қайрат Нұртасқа айтылған ізгі лебіздері, басшылықпен кездесуі және музыкалық сыйақы беру кезіндегі суреттер сияқты жазбалары жарияланған.

"Алматы әкімінің әлеуметтік желілерде ешбір аккаунты жоқ. Instagram желісіндегі bauirzhan_baibek парақшасы жалған" - деді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

bauirzhan_baibek жалған парақшасындағы ақпараттар қалыпты жаңартылып отырады. Жалған есімді әкімнің тіркелушілерінің саны 741-ге жеткен.Саясаткерлердің атынан әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар жиі пайда болады. Мысалы, шілде айында Ресейдің премьер министрі Димитрий Медведевтің атынан ашылған "medvedev" микроблогының тартылуы туралы Кремль интернет қызметінен "Твиттер" әкімшілігіне арыз түскен болатын.

Похожие материалы