Алматы. 22 шілде. 7kun.kz - «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ҰК» АҚ басқармасына жаңа төраға тағайындалды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Премьер-Министрінің келісімімен және корпорация директорлар кеңесінің шешімімен «Алматы» ӘКК ҰК» АҚ- ның жаңа басқарма төрағасы болып Мұхит Әзірбаев тағайындалды.
Ол Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген, мамандығы бойынша экономика менеджері. Жеке секторда жинақтаған мол тәжірибесі бар, «Қуатагро» агрохолдинктік компанияның бас директоры қызметін атқарған, түрлі кезеңдерде «АБН АМРО Банк» және «Казкоммерцбанк» АҚ-да жұмыс істеген. 2009 жылдан күні бүгінге дейін Global Building Contract» ЖШС-ның Қадағалаушы кеңесінің төрағасы болды.
«Қазақстанның қала құрылысы» қоғамдық ұйымының вице-президенті, «Самрұқ - Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тәуелсіз директоры, «Атамекен» ҰКП құрылыс және ТКШ жөніндегі Комитетінің мүшесі, «ҚР құрылыс саласының ұлттық ассоциациясы» қоғамдық ұйымының президенті.
2016 жылы Алматы қаласының VI шақырылымындағы Мәслихат депутаты. 2017 жылдың мамырынан Алматы қаласы жеңіл атлетика Федерациясының президенті қызметін қатар алып жүр.
Еске салсақ, корпорацияның бұрынғы басшысы Мұрат Дәрібаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024