Алматы маңындағы жалдамалы баспанада ерлі-зайыпты есірткі өндірумен айналысқан
Алматы. 29 қыркүйек. 7kun.kz – Алматы облысы Іле ауданындағы үйлердің бірінде есірткі өндірген ерлі-зайыпты ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Полиция мәліметінше, ерлі-зайыпты интернет арқылы нұсқаулықтарды пайдаланып, шикізаттарды жасырылған орындардан алып, мефедрон өндірген.
«Жалдамалы баспанасынан екі келіден астам ұнтақты зат, 7 литр сұйықтық құйылған шыны колба, канистрдегі 40 литрге жуық химиялық заттар, 7 келіге жуық ұнтақталған химиялық заттар, есірткіні сатушылардың синтетикалық есірткі – мефедрон жасау кезінде пайдаланған өсімдіктері бар түптері мен құралдары табылды», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Ұсталғандардың айтуынша, оларға «жұмыс беруші» синтетикалық есірткінің әр келісі үшін 1 миллион теңге көлемінде сыйақы төлеймін деген.
Аталған дерек ҚР ҚК-ның 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Айғақты заттар тәркіленіп, сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Қылмыстық істі аумақтық бөлінісі бойынша Алматы облысы Іле ауданының Полиция басқармасы тергеуде.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024