Алматы метросындағы екі жаңа бекет 18 сәуір күні ашылады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді.
"Осы жылы сәуірдің 18-де метрополитеннің екі жаңа бекеті ашылады. Бүгінде біз 7 бекетті пайдаланамыз, енді 9 болады. Болашақта метроролитеннің құрылысын жалғастыратын боламыз", - деп мәлімдеді Ю.Ильин қоғамдық көлікті басқару және ретке келтіру бойынша халықаралық конференция кезінде. Оның сөзінше, орта есеппен күніне 24 мың жолаушы тасымалданады.
"Біздің метрополитеніміздің жаңа бекеттері тұрғын-үй аудандарына барады. Сондықтан біз метрополитен желілерін пайдаланатын жолаушылар тасымалы көбейе түседі деп жоспарлап отырмыз. Шаралар келесі аптаның 18-не белгіленген, олардың бірі Москва бекеті деп аталады", - деді Ю.Ильин. Оның атап өтуінше, "метрополитен бекеттерін көбейту жалпы транспорт магистралін дамытуға негіз болады".
"Оған барлық қоғамдық транспорт қосылады, көшедегі қоғамдық транспорттың қозғалыс маршрутының жүйесі де өзгеріске түседі", - деді ол. Айта кетейік, Алматы метросының "Москва" және "Сайран" бекеттері 2014 жылдың 1 желтоқсанында ашылуы қажет болғанымен, мерзімі өзгертіліп, кейінгі қалдырылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024