Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы метросының жаңа бекеттері 18 сәуірде ашылады

Алматы метросының жаңа бекеттері 18 сәуірде ашылады

Алматы метросындағы екі жаңа бекет 18 сәуір күні ашылады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді.

"Осы жылы сәуірдің 18-де метрополитеннің екі жаңа бекеті ашылады. Бүгінде біз 7 бекетті пайдаланамыз, енді 9 болады. Болашақта метроролитеннің құрылысын жалғастыратын боламыз", - деп мәлімдеді Ю.Ильин қоғамдық көлікті басқару және ретке келтіру бойынша халықаралық конференция кезінде. Оның сөзінше, орта есеппен күніне 24 мың жолаушы тасымалданады.

"Біздің метрополитеніміздің жаңа бекеттері тұрғын-үй аудандарына барады. Сондықтан біз метрополитен желілерін пайдаланатын жолаушылар тасымалы көбейе түседі деп жоспарлап отырмыз. Шаралар келесі аптаның 18-не белгіленген, олардың бірі Москва бекеті деп аталады", - деді Ю.Ильин. Оның атап өтуінше, "метрополитен бекеттерін көбейту жалпы транспорт магистралін дамытуға негіз болады".

"Оған барлық қоғамдық транспорт қосылады, көшедегі қоғамдық транспорттың қозғалыс маршрутының жүйесі де өзгеріске түседі", - деді ол. Айта кетейік, Алматы метросының "Москва" және "Сайран" бекеттері 2014 жылдың 1 желтоқсанында ашылуы қажет болғанымен, мерзімі өзгертіліп, кейінгі қалдырылды.

 

Похожие материалы