Алматы. 10 қаңтар. 7kun.kz – Алматы облысының Панфилов ауданында төлем терминалын тонап кетті. Ұры 1,5 млн теңгені жымқырып кеткен.
Оқиға Жаркент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде болған.
«8 қаңтар күні терминалдың тоналғандығы жөнінде арыз аудандық ІІБ келіп түсті. Тәулік ішінде 25 жəне 38 жастағы екі күдікті ұсталды. Терминалдан 1,5 млн теңге ұрланған. Күдіктілер 25 мың теңгесін өз қажеттіліктеріне ұстап қойған. Ал жоғалған қомақты қаржының негізі бөлігі тəркіленді. Қылмыскерлер терминалды шеге суырғыш құралмен бұзған»,- деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Қазір күдіктілер қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188 бабының 3-тармағына сәйкес іс қозғалып, тергеу жалғасады. Күдіктілердің өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024