2015 жылы автожол саласына 100 мың адамды жұмысқа тарту жоспарланып отыр. Оның ішінде, 72 мыңын "Нұрлы Жол" бағдарласын жүзеге асыруға тарттырмақ. Бұл жөнінде ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов Алматыға іс-сапары барысында хабарлады.
Министр Алматы - Хоргос, Алматы - Қапшағай жол телімдерінің барлық мердігерлерімен кездесу өткізді. Ағымдағы жылы автожолдарды дамытуға жалпы көлемі 90,9 млрд теңге бөлінбек. Негізгі автожол жобаларының ішінде Батыс Еуропа - батыс Қытай, Орталық -Оңтүстік - Өскемен және Үлкен Алматы айналма автожолы бар. Негізінен халықаралық қаржы институттары, Ұлттық Қор және республикалық бюджеттері қаржыландырады.
Министрдің айтуынша, аталған жобаларды жүзеге асыру барысында құрылыста қолданылатын өнімдердің отандық кәсіпорындардан болуына баса назар аударылуда.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024