Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы әуежайында жолаушыларға арналған жаңа қызмет түрі пайда болды

Алматы әуежайында жолаушыларға арналған жаңа қызмет түрі пайда болды

Алматы. 18 мамыр. 7kun.kz - 18 мамырдан бастап Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары әуежайдан қалаға келу үшін SHUTTLE-BUS қызметін пайдалана алады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«SHUTTLE-BUS қызметі арқылы жолаушылар қонақ үй, хостел және саноторийге немесе тұрғылықты жеріне қауіпсіз әрі қолжетімді бағада жете алады. Жолаушыларды тасымалдауға болатын барлық қонақ үйлер мен мейрамханалардың тізімі жасалды. Сондай-ақ, қонақ үй әкімшілеріне айтып SHUTTLE-BUS-қа тапсырыс бере алады. Бір реттік жолақы құны - 500 теңге", - делінген хабарламада.

Әкімдіктен хабарланғандай, мұндай жүйе қаладағы заңсыз таксилер мен жоғарғы қызмет құны бойынша туындаған жанжалдарға байланысты енгізіліп отыр. "Қалаға келген шетелдік азаматтарға ашық түрде алаяқтық жасайтын заңсыз такси қызметі бар. Бұл біздің қаланың және мемлекеттің имиджіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан қала билігі жағдайды реттеу үшін жаңа шараны қолға алды", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Похожие материалы